География пәнінен ашық сабақ"Қайталау сабағы"

Предмет: География
Категория материала: Презентации
Автор:

Өткен тақырыптарды қайталау және дүние жүзі елдеріне логикалық сұрақтар арқылы саяхат жасау.

Мысалы: 1-кезең.«Сандықшада не бар?»

1-топқа:

XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді.Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды.

Перуліктер оны папа деп атайды екен.Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды.Ал француздар оны жер алмасы деп,итальяндықтар әуелі

Тартуфоль деп атапты.Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады.Оның мұнда тарауында І Петрдің еңбегі зор.

Сандықшада не бар?(Картоп)

2-топқа:

Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті,өте жеңіл.Одан түрлі ыдыс-аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын бұйымдар жасалынады.Әсіресе,оның басқа металдармен қоспасы өте құнды.Мұндай қоспалар әрі берік,әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтарды, ғарыш кемелерін жасауға кеңнен қолданылады.Ол таза күйінде XIX ғасырдың басында өндіріле бастады.Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті.Біразға дейін мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат,сирек кездесетін зат ретінде қолданылған.

Сандықшада не бар?(Алюминий)

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 117.5 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 143

Похожие материалы