"География тілі - карта" (7 сынып)

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

                                             Географияның тілі - карта

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға географиялық картаны меңгерту, нысандарды дұрыс табуға үйрету. География пәніне қызығушылығын арттыру, белсенділігін дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы,  атлас, сұрақтар, семантикалық карта, сандықша

1-кезең. Ұйымдастыру кезеңі.Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.

2-кезең.Таныстыру кезеңі.Екі топтың топбасшылары топтың атын, топ мүшелерін таныстырып өтеді.Бұл кезең 5 ұпаймен есептеледі.

3-кезең. Кім жылдам? Сұрақ-жауап кезеңінде екі топқа 10 сұрақтан қойылады.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топтың сұрақтары

1.Географиялық карталар мазмұнына қарай қаншаға бөлінеді? (Жалпы географиялық карталар, топографиялық карталар)

2.Кордильера  тауының ең биік шыңы (Мак-Кинли)

3.Еуропа мен Азияны бөліп тұрған тау (Орал)

4.Лабрадор  түбегі қай материкте орналасқан? (Солтүстік Америка)

5.Африканы алғаш ашқан кім? (Васко да Гама)

6.Тау жыныстары нешеге бөлінеді? (Магмалық, метаморфтық, шөгінді)

7.Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді? (Анд тауы)

8.География сөзі қай тілден алынған? (Грек)

9.Географиялық карталар масштабына қарай нешеге бөлінеді? (ұсақ, орта,

ірі)

10.Азимуты 90 болса көкжиектің қай тұсына сәйкес келеді? (Шығыс)

2-топтың сұрақтары

1.Масштабтың қанша түрі бар? (3, атаулы,сандық, сызықтық)

2.Ұлы көлдер қайда орналасқан? (Солтүстік Америкада)

3.Солтүстік пен оңтүстік полюсті қосатын сызықтарды не деп атайды? (Меридиан)

4.Ф.Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? (1519-1522ж.)

5. Әлемдегі ең биік тау? (Гималай)

6.Ең алғаш 50 см глобусты жасаған кім? (Мартин Бехайм)

7.Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американы бөліп тұрған не?(Панама каналы)

8.Жер бетінің су қабатын не деп атайды? (Гидросфера)

9.География ғылымының атасы? (Эратосфен)

 

10.Теңіз немесе мұхит мұхит суының құрлыққа сұғына еніп тұрған бөлігін недеп атаймыз? (Шығанақ)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.73 Kb
Количество скачиваний: 50
Просмотров: 256

Похожие материалы