Геолог-ғалым Қаныш Сәтбаев. Сөйлем.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Биржан Назгул Биржанкызы
|
Ана тілі № 82 сабақ
20.04.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Геолог-ғалым Қаныш Сәтбаев. Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлем туралы білімдерін пысықтау. Геолог –ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен таныстыру.
ә) Оқушыларды Әбубәкір Қайрановтың өлеңімен таныстыру, түсінік беру, өлеңнің мазмұнын ашып, талдау жұмыстарын жүргізу.
б) Оқу дағдысын дамыта отырып, қазба байлықтар туралы білімдерін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Қаныш Сатпаев суреті, өмірбаяны тірек сызбалар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі: - балалар, геолог сөзін бұрын естіп көрдіңдер ма? Ол қандай мамандық иесі?
V. Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымызда біз геолог ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен танысамыз. Қ.И.Сәтбаев туралы айтып түсіндіру.
Бүгінгі сабағымызда біз Ә.Қайнаровтың «Геолог» деген өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңде «Геолог» мамандығы туралы айтылады.
Геология – жер құрылысы мен қабатын, оның тарихын зерттейтін және ондағы пайдалы кендерді табудың әдісі туралы ғылым.
Геолог қандай мамандық иесі?
Геолог- жер асты қазба байлықтарын жер астынан іздеп табатын маман иесі.
VI. Жаңа материалды пысықтау:
Ғалым – ақыл ой иесі, ғұлама, көп оқыған, білімді адам.
Кен – жер астынан қазылып алынатын пайдалы қазбалар.
1.Елімізде қандай қазба байлықтар бар? Осы суреттегі гүлдердің ішіндегі әріптерден сөздер құрасақ, еліміздегі пайдалы қазба байлықтардың аттары шығады. (алтын, мұнай, газ, тас көмір, мыс, темір, тұз)
- Қазба байлықтар не үшін қажет?
Пайдалы қазбаның түрлері:
1. Газ 2. Қатты 3. сұйық
Пайдалы қазбаның қасиеттері:
Жанғыш - Жылу бөледі; Отын ретінде пайдаланылады;
Оларға: Көмір, мұнай, газ (жанармай, жағармай, жермай)
Кенсіз - Құрамында металл болады; Қатты;
Оларға: Темір, алюминий, мыс, қорғасын, т. б.
Кенді - Құрамында металл болмайды;
Оларға: Тұздар, мәрмәр, гранит, әктас, құм, саз, т. б.
Сергіту сәті
VII. Бекіту кезеңі:
157-жаттығу Сөйлемдерді оқып, әр сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойып көшіріңдер
Дала қандай тамаша! Гүлдер неткен әсем. Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау : Геолог өлеңін мәнерлеп оқу.170-бет.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 124.14 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |