"Геометриялық пішіндер" ашық сабақ (Шағын орталық)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Абдыкаликова Лязат Усенбаевна
|
Мерзімі: 24.04.2015 жыл
Білім беру саласы:Таным
Білім беру саласының бөлімі :Сенсорика
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер.
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып,ойлау қабілеттерін дамыту.балаларды ізеттілікке ұжымдылыққа тәрбиелеу.
ҰОІӘ кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғалушылық
Балалардың көңілдерін өзіне аудару.
Балалар барлығымыз ән салайықшы.
Біз көңілді қуыршақпыз алақай,алақай алақай
Өлең айтып би билеймиз балақай балақай балақай.
Тартып алып ұшбұрышты орамалды алақай. алақай алақай.
Дөңгелене би билеймиз балақай балақай балақай. Балалар біз бүгінгі сабақта сұрақтарға жауап беру арқылы смайлик жинаймыз.Әр дұрыс жауапқа бір смайлик беріледі.
Әнді барлығы бірге айтып шығады.
Ізденуші-ұйымдастырушылық
Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын өзіммен бірге мына шарларды ала келдім.
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Ендеше атаңдаршы.
-Жарайсыңдар балалар.
Мына шардың түсі қандай?
Қыста қардың түсі қандай болады?
Ендеше бұл қыс мезгілін білдіреді екен.
Мына шардың түсі қандай?
Бұл көктем мезгілін білдіреді екен себебі көктемде жер беті жасыл шөпке толады екен.Ағаштар бүршік жара бастайды.
Мына шардың түсі қандай?
Сары күз мезгілін білдіреді екен.Себебі күзде ағаштардың жапырағы сарғайып жерге түседі екен.
Мына шардың түсі қандай?
Бұл жаз мезгілін білдіреді екен.Жазда гүлдер қызыл түске боялады екен.
Балалар түстерді білдік енді осы сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерін келе ме?
Бір бала шығып шарды жарады.Балалар шардың ішінде бізге тапсырмалар берілген екен осы тапсырмаларды орындап көрейік.Бізге пішіндер беріп жіберіпті осы пішіндерді апат көрейік.
Төртбұрыш,ұшбұрыш,дөңгелек сопақша екен.Бұларды не деп атаймыз балалар?
Дұрыс айтасыңдар.
Енді осы геометриялық пішіндерді компютерден қарап пішіндерді олардың түстерін атайық.
Осы кезде періште келеді.Қолында геометриялық пішіндерден жасалынған мысықтың суреті бар. Періште :Мен күн елінен келдім ойнап жүріп ,мына суретті тауып алдым.Балалар сендер білесіңдерме мынау ненің суреті айтыңдаршы?
Тәрбиеші:Мысықтың басы қандай геометриялық пішіннен жасалған? Тағы қандай мүшесі геометриялық пішіннен жасалған?
Ал құлағы ше?
Денесі қалай болып келеді?
Дұрыс айтасыңдар балалар ендеше піріште мысықты бізге сыйға беріп өзі кеткісі келіп тұр екен.Періштемен қоштасайық.
Сергіту сәті:
Балалар Мысық қайда тұрады?
Ендеше балалар мына пішіндерден екі топқа бөлініп бір топ мысық бір топ үй құрастырайық.
Балалар енді «Бұл қай пішін»ойынын ойнайық.Бала топқа қарап тұрып,қолын артта ұстайды.Қолына геометриялық пішіндерді береді.Бала оны сипат сезу арқылы балаларға көрсетпей атын айтады.
Төрт мезгіл бар.
Қыс, көктем,жаз ,күз.
-ақ
-ақ
Жасыл
Сары
Қызыл
-ия.
Геометриялық пішіндер.
Балалар көрген пішіндерін және түстерін атап шығады.
Мысықтың суреті.
Дөңгелек.
Көзі дөңгелектен жасалынған.
Құлағы ұшбұрыштан жасалған.
Сопақша
Періште сау болыңыз.
Үйде.
Балалар ойын ойнайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.9 Kb |
Количество скачиваний: | 248 |