ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалды ойын)
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
ШАХМЕТОВА ГУЛЬНАРАЙ КАСИМОВНА
|
Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: Сайыскерлердің Отанымыз – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдардындағы шежіресін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен нығаюы жолындағы елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметі және оның маңызы, тұңғыш президенттің саяси тұлғасы, күнделікті өмірі мен отбасылық жағдайы туралы білімдерін тексеру. Жоғарғы сынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру. Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: зияткерлік сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, ана тілі, музыка, дене шынықтыру
Тәрбие сағатының жүрісі: «БӘЙГЕ», «ДОДА» , «КӨКПАР», «ЖОРҒА».
Жүргізуші: – Сәлеметсіздер ме ұстаздар, ата аналар, оқушылар!
Армысыңдар, құрметті қонақтар!
Ағайын мен халайық,
Көпшіл болған ер дана,
Достары көп ер бала.
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды –
демекші, бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 9-11 cынып оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.
1. Белиспай Әсем
2. Темірхан Айнұр
3. Сағи Жадыра
4. Башаев Жұмабек
5. Жекежанова Аяулым
6. Инаят Бауыржан
7. Шахмет Әсем
8. Есен Анара
9. Шахмет Мейіржан
Сайысымызды бастамас бұрын алдымен ұпайларды компьютерге түсіріп отыратын әділқазы алқасы Ханнанов Руслан Расильевич болатынын ескертіп өтейін.
Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 4 турдан тұрады: БӘЙГЕ, КӨКПАР, ЖОРҒА, ДОДА.
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
I – тур «БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей отырып ал жас қырандар бәйге кезеңін бастаймыз.
Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
5. «Бәйге» айналымында аз ұпай жинаған үш оқушы ойыннан шығады.
І-тур
1.Елбасының Семей ядролық полигонын жабуға байланысты ойларын, оның зардаптары мен зияны туралы жазған кітабының атауы қандай?
А) «Бейбітшілік кіндігі»; В) «Бейбітшілік тамыры»; С) «Бейбітшілік бастауы»
2.Грек тілінен аударғанда халық билігі деген мағына беретін сөз.
А) плутократия; В) автократия С) демократия
3.Орыс биографиялық қоғамының шешімі бойынша үстіміздегі жылы елбасыға қандай құрметті атақ берілді?
А) «Мыңжылдық адамы»; В) «Ғасыр адамы»; С) «Жыл адамы»
4.Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша; В) 28 қазан; С) 22 қыркүйек
5.Елбасының толықтыруымен өңделген «Менің Қазақстаным» әнінің жаңа мәтіні қай жылы Әнұран ретінде қабылданды?
А) 2001 жылы; В) 2003 жылы; С) 2006 жылы
6.Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, қай күнді Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады?
А) 29 тамыз; В) 15 қараша; С) 16 желтоқсан
7.Қай жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті?
А) 1991 жылы; В) 1992 жылы; С) 1993 жылы
8.Бүгінгі он бесінші қараша күні Қазақстанда қандай мейрам тойланады?
А) «Ұлттық экономика күні»; В) «Ұлттық валюта күні»; С) «Ұлттық саясат күні».
9.Тәуелсіз қазақ елі идеясы жолында құрбан болған, Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері кім?
А) А. Байтұрсынов; В) М. Дулатов; С) Ә.Бөкейханов.
10.Қазақ шежіресін хатқа түсірген жерлес ақын, ғұлама ғалымды атаңыз
А) С. Торайғыров; В) Ж. Аймауытов; С) М. Ж. Көпейұлы.
II – тур «ДОДА»
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп «Дода » сайысына кезек береміз.
Шарты:
1. Бұл сайыста 6 ойыншыға мына экрандағы 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Ойыншылар кезегімен тақырып таңдайды.
3. Алғашқы алты тақырып ашылып болған соң сараптама жүргізіледі.
4. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
5. 4 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп үш ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.
ІІ тур
Тәуелсіз Қазақстан
1. Еліміздің өз тәуелсіздігін қашан ресми түрде жариялады? 1991 жылы 16 желтоқсан күні (10 балл)
2. Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні қашан тойланады? Төртінші маусым күні (20 балл)
3. Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш қалай аталады? Тәуелсіздік монументі (30 балл)
4. Еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет Түркия Республикасы (40 балл)
5. 1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады? (50 балл) Тарих толқынында
Тұңғыш елбасы
1. Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш президенттік сайлау қашан өтті? 1991 жылы 1 желтоқсан(10 балл)
2. Елбасымыз Украина жеріндегі қай қалада техникалық училищені аяқтады? Днепродзержинск (20 балл)
3. Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады? Теміртау(30 балл)
4. Елбасының ақындық шабытынан туып, әнге айналған, МузАРТ тобының орындауындағы сазгер А. Қоразбаевтың әніне жазылған өлеңін атаңыз «Үшқоңыр» (40 балл)
5. 1997 жылы баспасөзде жарияланған елбасының Қазақстанның алдағы уақыттағы дамуына арналған стратегиялық жоспары Қазақстан – 2030 (50 балл)
Еуразия жүрегі - Астана
1. Ақмола қаласы елбасы жарлығымен қай уақыттан бастап Астана деп атала бастады? 1991 жылы 6 мамырда (10 балл)
2. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат. Бәйтерек(20 балл)
3. Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары өткен Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады? Бейбітшілік пен келісім сарайы (30 балл)
4. Астана қаласының қазіргі кездегі әкімі кім? И. Тасмағамбетов (40 балл)
5. Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? «Еуразия жүрегінде» (50 балл)
Тарихи тұлғалар
1. Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім? Т. О. Әубәкіров (10 балл)
2. Кеңес Одағының батыры, тұңғыш Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің маршаллы Сағадат Нұрмағамбетов (20 балл)
3. Тәуелсіз еліміздің тарихында бірінші болып әдебиетте Мемлекеттік сыйлықтың иегері болған жазушы кім? Қалихан Ысқақ (30 балл)
4. 2010 жылы елімізде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы болып табылатын қандай ұлы тұлғаның 100 жылдығы аталып өтілді? Б. Момышұлы (40 балл)
5. Қазақ әліпбиінің реформаторы, Алаш қайраткері, ұлы жазушы, ақын кім? А. Байтұрсынов (50 балл)
Ата Заң
1. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды? 1993 жылы 28 қаңтарда (10 балл)
2. Қазіргі кезедегі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды? 1995 жылы 30 тамызда (20 балл)
3. Барлық азаматтардың қатысуымен өтетін халықтың өз дауысын бере арқылы түйткілді мәселелердің шешімін табатын сайлаудың түрі референдум (30 балл)
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады? 9 бөлім, 98 бап (40 балл)
5. Конституция баптарындағы заң нормаларының сақталуын, өзге заңдардың Конституцияға қайшы келмеуін қадағалайтын мемлекеттік орган Конституциялық Кеңес (50 балл)
ІІІ-тур «КӨКПАР»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға – демекші келесі кезекті «Көкпар» сайысына береміз.
Шарты:
1. Бұл сайыста оқушыларға сұрақтар оқылады.
2. Қай оқушы бірінші қол көтерсе сол оқушы жауап береді.
3. «Көкпардың» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
4. «Көкпар » айналымында аз ұпай жинаған 1оқушы ойыннан шығады.
ІІІ-тур
1.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қашан, қай жерде дүниеге келді? 1940 жылы 6 мамырда, Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы
2. Елбасыотбасында нешінші бала? Отбасының тұңғышы
3.Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің режиссері кім? Рүстем Әбдірашев
4. «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші, актер, сазгер кім? Нұрлан Әлімжанов
5. Елбасымыздың зайыбының есімін атаңыз. Сара Алпысқызы
6. Елбасы отбасында жұбайымен неше бала тәрбиелеп өсірді? үш қыз: Дариға, Динара, Әлия
7. Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі гольф
8. Нұрсұлтан Әбішұлының қандай ғылыми атағы бар? Экономика ғылымының докторы
9. Елбасының ана тілімізге байланысты айтылған қанатты сөздерінен мысал келтіріңіз 1) Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”
2) “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
3)“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
10. Елбасының бастамасымен қазақ жастарына әлемдегі беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін жобаның атауы қандай? Болашақ
11. Оқу-білімде үлкен жетістіктерге жеткен аса талантты оқушыларға тағайындалатын президент атындағы сыйлықты атаңыз «Дарын» сыйлығы
ІV-ТУР «ЖОРҒА»
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
демекші жеңмпазды анықтайтын соңғы «Жорға » сайысына кезек береміз.
Шарты:
1. Қатысушыларға «А» және «В» нұсқасын таңдау құқығы беріледі.
2. Әр нұсқада 10 сұрақтан беріледі.
3. Қай оқушының ұпай саны жоғары болса, сол оқушы жеңімпаз аталады.
ІV-ТУР
(А нұсқасы)
1. Елбасы басқаратын саяси партия НұрОтан
2. Латын тілінен аударғанда «алдында отыратын» деген мағына беретін саяси лауазым президент
3. ҚР Президентінің резиденциясы қалай аталады? Ақорда
4. Парламенттің жоғарғы палатасы Сенат
5. «Жеті Жарғы» заңдары қай ханның тұсында қабылданды? Тәуке хан
6. Хан, патша, император, король басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі монархия
7. Наурыз мерекесін қазақтар басқаша қалай атаған? Ұлыстың ұлы күні
8. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың мерген қызы Ә. Молдағұлова
9. Ең жоғарғы ғылыми атақ академик
10. Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? Байқоңыр
(В нұсқасы)
1. Астана қаласының мейрамы қай күн?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.37 Mb |
Количество скачиваний: | 41 |