Химия және денсаулық

Предмет: Химия
Категория материала: Презентации
Автор:

Химия және денсаулық

«Химия адамзат ісінде кең қолданылады»

М.В.Ломоносов

Мақсаты :Білімділік: Оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, санасында химияның медицинамен,өмірмен,басқа да салалармен байланыстылығы туралы білімін қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушыларға өз бетінше жұмыс бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге бейімдеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, әсемдікке, шеберлікке, жинақылыққа, сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Жоспары: I-бөлім

«Химия медицинада»

А)Хабарламалар

Ә) « Сыйқырлы ұяшық»ойыны

II-бөлім

« Ойнай білейік,ойлай білейік»

А) «Мен қай элементпін»

Ә) «Химия тілі»

Б) «Білімді мыңды жығар»

В) «Ойлан тап»

III-бөлім

«Химия ғажаптары»

А) «Жанбайтын орамал»

Ә) «Ұйқыдан оянған жылан»

Б) «Алтын пышақ»

ІV-бөлім

«Химиялық сыйлықтар»

Мұғалім. Біз қазір химия ғасырындамыз. Айналамызда қаншама химия өнімдері бар. Адам тамақсыз, киімсіз, тұрмысқа қажетті бұйымдарсыз өмір сүре алмайды. Мінекей солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақта, қайда көз жіберсекте, көретініміз химия ғажайыптары» деп орынды айтылған. Бүгінгі кешімізде химия ғажайыптарына тағы да куә болатындарыңызға сенім білдіремін. Кешімізді«Химия адамзат ісінде кең қолданылады»-деген орыс ғалымы М.В.Ломоносов сөзімен бастаймыз.

Жүргізуші

Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайындай сиынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар.

«Мен қай элементпін»

1.Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау дегенді білдіреді. Қай химиялық элементпін? Азот

2.Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім

шипалы газ деп те есептейді? Озон 3.Бірінші бөлігім тасқан су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. Ал, өзім қай элементпін. Селен.4.Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ? Алмас 5.Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім, ал өзім химиялық қай элементпін? Неон

6.Өзім химиялық элементпін, керісінше оқысаңыз өткізгішпін. Мыс-сым 7.Өзім химиялық элементпін,егер алғашқы бірінші әрібім алып тасталса шаруашылық заттарын салатын ыдысқа aйналамын .Фтор8.Өзім газбын менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.оттегі 9.Ең женіл элемент саналамын, периодтық жүйе менімен басталады. Сутегі 10.Өзім ауыр металмын,балалар мені құйған сақамен атады. Қорғасын 11.Машина мен трактордың жанымын,қара металлургияның нанымын.темір 12.Аспандағы айды менімен теңестіреді,салмақты адамды мақтауды да келістіреді. Күміс

«Химия тілі» Жүргізуші: Сіздерге химия тілінде қызықты сұрақтар қояйық, ал сіздер өз тілдеріңізбен жауап беріңіздер.

Жүргізуші-Жылтырдың бәрі (Аu) емес.

Оқушы-(Жылтырдың бәрі алтын емес)

Жүргізуші -кальций карбонатындай езіліп жылады.

Оқушы-(Бор сияқты езіліп жылады)

Жүргізуші -Феррум мінезді.

Оқушы – (мінезі темірдей)

Жүргізуші -Аз сөз –аурум, көп сөз –аргентум.

Оқушы-(Аз сөз алтын,көп сөз күміс)

Жүргізуші –Көп H 2 О ағып кетті.

Оқушы-(көп су ағып кетті)

Жүргізуші-Аурум, аргентум тас екен арпа,бидай ас екен.

Оқушы-(алтын,күміс тас екен арпа,бидай ас екен)

Жүргізуші- Феррумді қызған кезде соқ.

Оқушы-(темірді қызған кезде соқ)

«Білімді мыңды жығар» жүгіртпе сұрақтар:

  • 1.Заттарды қоспалардан бөлу және тазартудың қандай әдіс-тәсілдері бар?
  • 2.судың мұзға айналуы қандай құбылыс?
  • 3.Химиялық реакцияның белгілері?
  • 4.Молекула дегеніміз не?
  • 5.Химиялық элементтердің таңбаларын ұсынған ғалым кім?
  • 6.Сынап элементі латынша қалай аталады?
  • 7.Алтын элементінің салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең?
  • 8.Коэффициент формулада қай жерге жазылады?
  • 9.Калий, литий, натрий. Аталған элементтерде қандай ұқсастық бар?
  • 10.Реагент дегеніміз не?
  • 11.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?
  • 12.Авагадро саны нешеге тең?
  • 13.Топ нешеге бөлінеді?
  • 14.Айырылу реакциясы дегеніміз не?
  • 15.Ас тұзының формуласы қандай?
  • 16.Ас қазанда бөлінетін қышқылдың формуласы қандай?
  • 17.Реакция кезінде жарық және жылу бөле жүретін реакцияны қалай атайды?
  • 18.Оттектің атмосфера қабатындағы көлемдікүлесі неше пайызды құрайды?
  • 19.Ауаның құрамын анықтаған француз ғалымы?
  • 20.Тұздар дегеніміз не?
  • 21.Период нешеге бөлінеді?
  • 22.Қышқылдар дегеніміз не?
  • 23.Суда еритін негіздерді басқаша қалай атайды?
  • 24.Судың құрамындағы сутек және оттектың валенттіктері қандай?
  • 25.Қандай индикаторларды білесің?
  • 26.Негіздер дегеніміз не?
  • 27.Қанша бейметалл бар?
  • 28.Атом дегеніміз не?
  • 29.Период дегеніміз не?
  • 30.«Галогендер» сөзі қандай мағына береді?

«Ойлан тап»

-Қандай элементтер елдің атымен аталады? Жауабы: германий,франций,полоний, рутений,геллий.

-Қандай элементтердің буындарынан өзендердің аттарын оқуға болады? Жауабы:радон-Дон,нилсьборий-Нил,индий-Инд,полони-По.

-Қай элементтер еуропадағы қалаларының атымен аталады? Жауабы:гафний

-Копенгаген, гольми-Стокгольм,лютенцы-Париж.

-Қай элементтің аты аралдың атымен байланысты? Жауабы:мыс,купрум-Кипр

  • -3 әріптен тұратын 3 элемент. Бор мыс. Йод.
  • -4 әріптен тұратын 4 элемент . Бром. Хром. Неон. Хлор.
  • -5 әріптен тұратын 5 элемент. Калий. Литий. Күміс. Алтын. Сынап.
  • -6әріптен тұратын 6элемент. Магний. Натрий.....
  • -«Химия ғажаптары»
  • -А) «Жанбайтын орамал»
  • -Ә) «Ұйқыдан оянған жылан»
  • -Б) «Алтын пышақ»
  • ІV. Химиялық сыйлықтар. Берілген формула қай заттың формуласы екенін тапса сыйлыққа ие болады. Мыс. Ас тұзы. Күміс . Марганцовка. т.б.
Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 2.41 Mb
Количество скачиваний: 97
Просмотров: 366

Похожие материалы