Химия сабағына арналған қосымша жұмыстар
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Дюсембекова Марфуга Кайрденовна
|
Тапсырмалар:
І деңгей
1. Төменде келтірілген пікірлердің қайсысы оксидтерді сипаттайды?
а) біреуі оттегі болып келетін екі элементтен түзілген күрделі заттар;
ә) құрамында оттегі болатын барлық заттар;
б) элемент атомы тотыққанда түзілетін күрделі заттар;
в) кез келген күрделі зат.
2. Төменде келтірілген пікірлердің қайсысы тұздарға анықтама болады?
а) құрамында қышқыл қалдығы бар барлық заттар;
ә) оттекті қосылыстар
б) кемінде екі элемент атомдарынан тұратын заттар;
в) сутегі атомына алмасқан металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар
ІІ деңгей
1. Берілген қышқылдардың қанша негізді екенін тауып, бағдаршамен сәйкестендіріңіз.
HCl Бір негізді H2SO4
H2CO3 Екі негізді HI
H3PO4 Үш негізді HNO3
2. Берілген оксидтердің формулаларын аталуымен жұптастырыңыз.
NO Мыс (І) оксиді CuO Темір (ІІІ) оксиді
NO2 Азот (IV) оксиді CrO3 Хлор (VII) оксиді
P2O5 Хром (VI) оксиді Cl2O7 Фосфор (V) оксиді
Cu2O Азот (ІІ) оксиді Fe2O3 Мыс (ІІ) оксиді
ІІІ деңгей.
1. Берілген реакция теңдеуіндегі көп нүктенің орнына тиісті заттарды жазып, осыдан негіздердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңыз
1) 2KOH + …. → K2CO3 + H2O A. CO2
2) 2Fe(OH)3 → ….. + 3H2O B. H2SO4
3) 2KOH + ….. → K2SO4 + 2H2O C. FeCl3
4) 3NaOH + …. → Fe(OH)3↓ + 3NaCl D. Fe2O3
2. Төменде келтірілгендер реакция нәтижесінде қандай қосылыстар түзеді? Осы реакция теңдеулері арқылы қышқылдардың қасиеттері туралы қорытынды жасаңыз.
1) Zn + 2HCl → …. + H2↑ A. NaCl
2) CuO + H2SO4 → … + H2O B. ZnCl2
3) NaOH + HCl → …. + 2H2O C. CuSO4
4) ZnCl2 + H2SO4 → …. + 2HCl D. ZnSO4
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 44.5 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |