Имандылық- инабаттылық мұраты презентация

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Презентации
Автор:

Құран Кәрім десе, көп адамдарымыз оны қарапайым уағыздар жиынтығы деп түсінеді.Әрбір сөзінің тасасында жатқан терең-терең ойларды көз жеткізіп,көре алмайды. Сөйтеді де «Дініміз неге өзге діндер сияқты ауқымды түрде еркін насихатталмайды?» деген сауалдар қояды.

      Мұсылман діні біздің елде мемлекеттік деңгейде. Қазақтың тегі түркіден де, діні мұсылманнан.Тегімізді бүтіндеу үшін тарихымызды, дінімізді түгендеу үшін адамдарымызды ұлттық сауаттылыққа тәрбиелеуіміз керек. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Көне Көк түркінің «Көк аспан» бірдей деген ұғымды меңзеп тұр. Ендеше сол көк аспанның астында жүрген бүгінгі қазақтың бірін-бірі жатсынуының өзі надандықты аңғартады.

      Құран Кәрім өзге діндер сияқты емес, ол-қағида әрі түгел ғылыми құрылым.Сондықтан ондағы айтылған сөздерді әрбір мұсылман насихаттауы емес, тура өзі орындауы шарт. Орындау үшін әрбір сөздің тасасында жатқан күрделі ойларды дұрыс түсіне білгені жөн.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.02 Mb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 222

Похожие материалы