"Информатика әлеміне саяхат"(7 сынып)

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат» интелектуалдық сайысы


- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика әлеміне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыстың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын,
ақылдылығы мен жылдамдығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденуге, талпынуға, дара болуға тәрбиелеу.
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен амандасу
• Олардың назарын сайысқа аудару
• Тыныштандырып, сайыс кезеңдерімен таныстыру

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқанда асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – деп сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайын.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1 ші кезең – «Өзім туралы» таныстыру сайысы
2 ші кезең – «Бәйге» сайысы
3 ші кезең – «Ғажайып алаң»
4-ші кезең – «Сурет салу» сайысы
5-ші кезең – «Мен саған, сен маған» сайысы
Қатысушыларды марапаттау
Қорытындылау

Көңілді тапқыштар,  білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәдік шықты.

 Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз  мықты

Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық.

1.Қайырбекова Гүлжан – ком.төрайымы

2.Қаражанова Айнұр – ком.мүшесі

3.Еркінбекова Айнаш – ком.мүшесі

«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.61 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 137

Похожие материалы