Информатика пәнінен "Компьютер негіздері және информатика пәніне бастама" тақырыбы
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Баймурзаева Кулзинат Жиенбековна
|
Күтілетін нәтиже:
Білімдік
Жаңа білім
Информатика және компьютер ұғымын анықтайды. Информатика ғылымының тарихын таниды.
5 - сыныптағы «Информатика» пәнінің тақырыптарын атап шығады.
Жаңа түсінік
Компьютердің негізгі функцияларының қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіреді.
Құзырлылық
Қолданым әрекеті
Пән бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтайды. Информатика ғылымының даму жолын көрсетеді.
Талдау әрекеті
5 - сынып тақырыптарын тоқсандарға бөліп қарастырады.
Информатиканың зерттейтін бағыттарын талдайды.
Шығармашылық әрекет
Компьютерді қолданудың ережелерін жасайды.
Құнды-
лық
Бағамдау әрекеті
5 - сыныптағы «Информатика» пәнінен үйренетін ақпараттың маңыздылығын ерекшелейді. Өтілетін тақырыптар компьютерді үйренудің бастамасы деп есептейді.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (12 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).
Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара - зерттеушілік.
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
• Қажетті бастапқы ақпарат береді, алдын ала әзірленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, көмек көрсетеді.
Сабақ типі:
• Белсенді - ізденушілік, шағын топтарда жұмыс істеу.
Оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру:
• Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында ұсынылған алгоритм бойынша жұмыс жасау.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Логикалық ойлау, ой қорыту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Логика, ақпарат, информатика, алгоритм, программалау.
Үй тапсырмасы:
5 - сыныпты өтілетін тақырыптардан нені күтесіз? Өтілетін тақырыптардың күнделікті өмірдегі пайдасын жазыңыз.
САБАҚ БЛОКТАРЫ s
і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
1. Информатика және компьютер ұғымы.
2. 5 - сынып информатика пәнінің тақырыптарын қарастыру.
3. Компьютерді қолданудың ережелері.
Слайдтар:
1 - слайд Информатиканың шығу тарихы
§ Информатиканың ғылым болып қалыптасуы және адам іс - әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ - ң) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді.
§ Алғашқы ЭЕМ - ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар.
§ «Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді.
§ Информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 367.52 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |