Информатикадан орта мерзімді жоспар

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Түсінік хат

1.    Профильді 11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын алу болып табылады.

2.    Оқыту міндеттері:

1)   қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;

2)   визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша  ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;

3)   дербес компьютердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қызметтік программаларды қолдана білу;

4)   ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

 

Күнтүзбелік  жоспар 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты  және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары негізінде жасалынды және  «2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынды.

 

Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2014-2015 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы   № 12 бұйрығымен анықталған

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 42.46 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 121

Похожие материалы