Информатикадан тест 5 сынып
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Сулейменов Даулет Дюсенбекович
|
І нұсқа
1.Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
А) әріптер В) мәтіндер С) сандар D) нөл мен бірлер Е) таңбалар
2.Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) бит В) байт С) 1 D) әріп Е) 8
3. Нені өшірсек компьютер жұмыс істей алмайды?
А) дискжетек В) жедел жады С) тышқан D) принтер Е) флешка
4.Ақпарат компьютердің қай құрылғысында өңделеді?
А) пернетақта В) монитор С) сыртқы жады D) процессор Е) дискжетек
5. Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жаю батырмалары жоқ?
А) бума терезелерінің В) қосымша терезелерінің С) сұхбат терезелерінің
D) анықтама терезелерінің Е) құжаттар терезелерінің
6. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
А) тақырып жолында В) жүйелік мәзірде С) жай-күй жолында D) терезенің жұмыс аймағында Е) анықтама терезесінде
7.Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) кішкенке тік төртбұрыштардан В)нүктелерден С) сызықтардан D) символдардан
Е) фигуралардан
8. Палитраның неше түсі бар?
А) 256 В)2 С) 30 D) 128 Е) қанша керек болса да
9.Windows нысандарына қолданылатын амалдардың артығын көрсетіндер.
А) көшіру В) жылжыту С) жою D) сақтау Е) қиып алу
10. Пернетақтада қиып алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады?
А) Ctrl+C В) Ctrl +V С) Ctrl+X D) Ctrl+Z Е) Ctrl+A
ІІ нұсқа
1.Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?
А) процессор В) принтер + С) дискжетек D) жедел жады Е) қатқыл диск
2. Компьютерде деректерді сақтау үшін керек құрылғы:
А) жады В) процессор С) дискжетек D) монитор Е) принтер
3. 1 Гбайт
А) 1024 Мбайт В) 100 Кбайт С) 1000 Мбайт D) 1500 Мбайт Е) 1024 Кбайт
4. «information»сөзінде қанша бит бар?
А) 14 В) 88 С) 72 D) 128 Е) 256
5. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет
А) көшіру В) атын өзгерту С) жою D) жылжыту Е) қиып алу
6. Пернетақтада көшіру бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады?
А) Ctrl+C В) Ctrl +V С) Ctrl+X D) Ctrl+Z Е) Ctrl+A
7. «Трансформация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А) түрлену, алмасу В) компьютер С) тышқан тетігі D) принтер Е) сурет салу
8. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) файл В) бума С) программа D) құжат Е) портфель
9. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?
А) мәтін В) сурет С) музыка D) видео Е) сөз
10. Enter пернесі не үшін керек?
А) енгізу В) курсорды жылжыту С) қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру
D) бас әріптер режимін алмастыру Е) бос орын қалдыру.
ІІІ нұсқа
1.Бір символдық мәтін әдетте ... кодталады.
А) 1 битпен В) 1 байтпен С) әріппен D) 10 битпен Е) 8 битпен
2. 1 Кбайт – ол:
А) 100 бит В) 1000 байт С) 1024 байт D) 1500 байт Е) 1024 бит
3.Орыс тілінде «,» белгісін жазу үшін нүктесі бар пернемен бірге қай пернені басу керек?
А) Shift В) Alt С) Tab D) Ctrl Е) Enter
4. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады.
А) Бос орын (пробел) В) Alt С) Tab D) Ctrl Е) Enter
5. Дұрыс фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Shift В) Alt С) Tab D) Ctrl Е) Enter
6. Пернетақтада ашу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға
А) Ctrl+C В)Ctrl +V С) Ctrl+X D) Ctrl+О Е) Ctrl+A
7.Windows-те қандай терезелер жоқ?
А) бума терезелері В) қосымшалар терезесі С) сұхбаттық терезеле D) бос терезелер
Е) құжаттар терезесі
8. Компьютерде дыбыстармен жұмыс істеу үшін ... керек.
А) дыбыс картасы В) желі картасы С) видеокарта D) процессор Е) проектор
9. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады
А) ішіне салынған В) ата-аналық С) каталог D) түпкі Е) бастапқы
10. Қандай пернені ұстап тұрып, ізі бар көшірме алуға болады?
А) Shift В) Alt С) Tab D) Ctrl Е) Enter
ІV нұсқа
1.Бір байт – ол:
А) 10 бит В) 16 бит С) 8 бит D) 4 бит Е) 2 бит
2. 1 Мбайт – ол:
А) 100 Кбайт В) 1000 байт С) 1024 Кбайт D) 1500 Гбайт Е) 1024 байт
3. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?
А) мәтін В) сурет С) музыка D) видео Е) фильм
4. Ақпарат енгізу құрылғысы?
А)процессор В) принтер С) пернетақта D) компьютердің жады Е) видеокарта
5. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:
А) Alt В) Tab С) CapsLock D) NumLock Е) Ctrl
6. Alt +F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?
А) терезені ашады В) терезені жабады С) барлық ашық терезелерді жабады
D) келесі ашық терезеге ауыстырады Е) терезені жиырады
7. Жарлық –ол:
А) нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме
В) нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бумa С) арнай түрде құрылған файл
D) мәтіні бар файл Е) бумның ішіндегі файл
8. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
А) 100 В) 200 С) 50 D) 255 Е) 128
9. Пернетақтада кірістіру бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға
А) Ctrl+C В) Ctrl +V С) Ctrl+X D) Ctrl+Z Е) Ctrl+A
10. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2 В)1 С) 0 D) 4 Е) 5
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.61 Kb |
Количество скачиваний: | 62 |