"Информатиканы оқытуда оқу процесін тьюторлық қамтамасыз ету" (баяндама)

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Информатиканы оқытуда  оқу процесін тьюторлық қамтамасыз ету

 

         Ел Президентінің пайымды саясатының арқасында білім қызметкерлерінің кешегіден бүгіні көш ілгері. Алдағы 2020 жылы еліміздің барлық мектептері толығымен 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіп, жаңа технологиямен жүргізілетін жұмыс сапасы жоғарылайды. Еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Президент Жолдауында да білім беру мен білікті маман даярлау жүйесін дамытуға байланысты сөз болды. Сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.

         Мектептегі білім мазмұнын ізгілендіру негізінде қайта құру, оның ішінде мектептің оқу үрдісіне компьютерлік технологияны енгізу болып отыр. Ал оның өзі оқушының өзіндік бағдарлай және дами алатын субъект дәрежесіне көтерілуін, сонымен қатар арнайы оқу ортасын жасау арқылы оның өзіндік танымдық іс- әрекетін қалыптастыруды талап етеді. Аталған міндетті шешу үшін негізгі мектептердің 7 сыныбынан бастап информатиканы пән ретінде енгізудің орны ерекше. Жаппай компьютерлендіру кезеңінде компьютерлік технологияны оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы практика жүзінде дәлелденіп отыр.

         Мұғалімдердің мақсаты - оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру. Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу - әр мұғалімнің негізгі міндеті. Оқушының өзіндік танымдық іс-әрекеті танымдық қызығушылықтан туындайды. Олай болса, Г.И.Щукинаның пікірінше, танымдық қызығушылық оқудың ең негізгі мотивтерінің бірі бола отырып, оның белгілі бір жағдайларға байланысты «жеке тұлғаның іс-әрекеті мен жекелеген әрекеттерінің дамуына қуатты түрткі күшіне айналады». Сонымен, бұл жағдайлардан оқушы өздігінен жорамалдауына, бақылауына, ізденуіне мүмкіндік беруге мұғалім тарапынан жағдай жасалуы қажет. Әрине мұғалім оқу процесінде тьюторлық  қамтамсыз етуі керек.

         Тьютор деген кім?

         Тьютор  - (ағылш.tutor) оқушылар мен студенттердің жеке оқу бағдарламаларын жасауын қамтамасыз ететін және қосымша және үздіксіз білім беру жүйесінде мектепте және жоғары оқу орнында жеке оқыту үрдісін қоса алып жүретін тарихи пайда болған ерекше педагогикалық позиция. Бұл белгілі бір пән бойынша практикалық (семинар) сабақтар жүргізу, оқу процесін жетілдіріп, оны оңтайлы ұйымдастыру мен орындау бойынша кеңес беретін, семестрлік және курстық жұмысқа басшылық ететін, практиканы ұйымдастыратын пән оқытушысы болып табылады. Тьютор бойында оқытушының, кеңес берушінің және менеджердің қасиеттері болуы керек.

         Тьютордың мақсаты: оқушының жеке білім алу жолын құруына көмек көрсету, мектеп оқушыларына білім алу мақсатында жеке ресурстарын, мектеп және басқа да мекемелердің ресурстарын пайдалану мүмкіншіліктерін түсінуге, оқыту нәтижелерін пайдалануда көмек көрсету. Яғни тьютор өзіне жетілген, қазіргі өмірде іске жарауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға көмек көрсетуді мақсат етеді, сол үшін тьютор адамға өзін терең танитындай жағдай жасайды.

         Тьютордың міндеттері:

 – білім алушыға мейлінше көбірек көмек беру;

 – білім алушының үлгерімін жүйелі түрде бақылап отыру;

 – орындалған тапсырмалар бойынша қайта дайындық сабақтарын ұйымдастыру;

 – топқа немесе жеке студентке кеңес беру;

 – ынталы оқушылардың және студенттердің белсенділігін арттырып, оларға қолдау

көрсету.

         Тьюторлық феномені еуропалық университеттермен тығыз байланысты және Ұлыбританиядан бастау алған. Ол  XIV ғасырда Оксфорд ағылшын классикалық университетінде және кейін Кембридж университетінде рәсімделді. Осы уақыттан бастап тьюторлық қалыптасқан университеттік тәлімгерлік формасы деп түсіндірілген.

Қазіргі кезде ғалымдар келесі процестерді: дербес педагогикалық процесс ретінде шамалай отырып оқыту,білім беру және дайындау деп ерекшелейді.  Білім берудің дәстүрлі кеңістігінде оқытуға акцент жасалады, ал білім беру рефлексиясы және әлеуметтік практика процестері қарастырылмайды.  Тьюторлық үлгіде дәстүрліге қарағанда білім беру рефлексиясы және әлеуметтік практика міндетті түрде қарастырылады.

            Тьютор жұмысының кезеңдері:

1.     Болашақ бейнемен жұмыс (білім беру – кәсіби ұқсастықтың үлгі пішінін

сызу)

         2. Білім беру кеңістігі қорының ұсынысы.

         3. Болашақ оқушы бейнесі мен білім беру кеңістігі қорының қатыстылығы.

         4. Жеке білім беру кеңістігін құру.

         5. Сынақ жүргізуді және нәтижелілік пен сынақ ісінің тиімділігі бойынша кері

         байланысты ұйымдастыру.

         6. Шынайы жетістіктерді болашақ бейнесімен салыстыру, жеке білім беру

         кеңістігін түзету жұмыстары, келесі қадамды құру.

         Тьюторлық сүйемелдеу– бұл оқушы қызметін сүйемелдеу. Оқушы мен тьютор бірлескен тақырыбы анықталған, мақсат, міндеттері қойылған жеке білім алу бағдарламасы жасалады. Тьюторлық сүйемелдеу оқушының тьютормен өзара әрекетінің негізгі формасының білім беру технологиясы ретінде жиі жеке кездесулері ретіндегі ұзақ жеке жұмысын қарастырады.

         Тьюторлық қамтамасыз етудің  жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық  мәліметтеріне еркін қол жеткізуге болады.

         Қорыта келе айтарымыз, тьюторлық оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебітьюторлық қызметтің нәтижесі: білім беру кезеңдерін зерттеуге көмектесетін, өзін - өзі бағалау инструменті болып табылатын қалыптастырылған «Портфолио» папкасы. Оқушыларымыз өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

                           

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №5 орта мектептің

информатика пәні мұғалімі Джангалиева Махаббат Джолдыбайқызы

 

                                                     

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 39 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 134

Похожие материалы