Интеллектуалдық ойын 11 сыныпқа арналған
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Карбозова Лязат Сагындыковна
|
Тіл мәртебесі- ел мерейі
Мақсаты: оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, қазақ халқынынң салт-дәстүрін, мәдениетін білуге, қазақ тілін меңгеруге, өз ойын жеткізе білуге үйрету, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен таныс болып, оны жатқа білуге баулу, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер, ҚР мемлекеттік рәміздері.
Түрі: сайыс сабақ
Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, топтармен жұмыс.
Сайыстың барысы:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі « Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы «Өнер алды – тіл» дейтін,
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп ағамыз Қадыр Мырза Әли айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр.Қазақстанда тұратын әрбір адам Отанын сүйіп, мәдениеті мен тілін білу керек.
1- Жүргізуші: - Осы мақсатпен Тәуелсіздік күніне орай «Тіл мәртебесі- ел мерейі» атты сайыс жүргізіп отырмыз.
Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1-кезең: «Танысу».
Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Енді, сайысымыздың «Танысу» кезеңін бастаймыз (әр топ топтың атын, ұранын айтып, көрсетеді).
1-топ – 5б «Армандастар».
2-топ – 6б «Тұлпарлар» .
3-топ – 7б «Көгершіндер»
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 170.37 Kb |
Количество скачиваний: | 68 |