Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:


Ақмола облысы

Жарқайың ауданының “Білім бөлімі” ММ

“Өмірлік орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

 

 

                       

12 сәуір «Ғылым күніне» арналған

 «Қазақ ғылымының бүгіні мен келешегі» атты онкүндік аясында өткізілген

 

«ХХІ-ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»

атты 9-10 сынып оқушылары арасындағы

интеллектуалдық сайыс

 

 

 

Ұйымдастырушы:

«Жалын» ОҒҚ басшысы

Е.Каримов

 

 

 

1 сәуір, 2014 жыл

 

Интеллектуалдық ойын

«XXI ғасыр  көшбасшысы»

 

Іс-шараның барысы.

 

Ойынға қатысушылармен танысу.

-          Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бұл ойын 12 сәуір «Ғылым күніне» арналған «Қазақ ғылымының бүгіні мен келешегі» атты онкүндікке арналған іс-шара болып табылады. Оқушылар өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үмітпен, байқауымызға қош келіпсіздер! Соған орай қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, география, тарих, математика, информатика, химия, биология, Қазақстанның мәдениеті, спорты, музыка және кино саласында сұрақтар қойылады. Біздің мектептің оқушылары  арасында «XXI ғасыр  көшбасшысы» деген интеллектуалдық ойынды өткізуге рұқсат етіңіздер.

-          Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

1-ші қатысушы – Алмуханбетова Жадыра

2-ші қатысушы – Топалова Танзиля

3-ші қатысушы – Көшеғалиева Айымгүл

4-ші қатысушы – Вислапу Диана

5-ші қатысушы – Наматилла Бахтияр

6-шы қатысушы – Кизиденов Данияр

7-ші қатысушы – Бірімжанова Диана

8-ші қатысушы- Абайділдин Нұрдидар

- Әділқазылар алқасымен таныстыру.

1. Мектеп директоры:  Айтжанова А.Н.

2. ОІМ: Алдашев А.Қ.

3. ТІМ: Шаяхметова Р.С.

     2. Кіріспе сөз.

Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.

    - Бүгінгі интеллектуалды ойын үш кезеңнен  тұрады:

I  кезең – «Бәйге»

II  кезең – «Дода»

III кезең – «Жорға»

 

3. Ойынның барысы:              

 Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.

-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе, біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.

1 жүргізуші:

1 кезең «Бәйге» сайысының шарттары:

1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 11 сұрақ беріледі

2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.

3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.

4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

5. “Бәйге” айналымда аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады

2 кезең «Дода» сайысының шарттары:

1.Бұл сайыста 5 ойыншыға мына экрандағы 11 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Ойыншылар кезегімен екі тақырыптан таңдайды.

3. Алғашқы алты тақырып ашылып болған соң сараптама жүргізіледі.

4.Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.

5. 11 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.

3 кезең «Жорға» сайысының шарттары:

1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.

3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.

4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.

 

1-жүргізуші:

«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Ал енді,  бірінші кезеңді  бастайық.

«Бәйге» турын бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1        кезең БӘЙГЕ«

 

Ең көп ұпай жинаған 5 катысушы қалады.

Сөз әділқазы алқасына беріледі.

 

II кезең – «Дода» 

 

Ең көп ұпай жинаған 3 катысушы қалады.

Сөз әділқазы алқасына беріледі.

 

1- жүргізуші:

ІІІ кезең - «Жорға»

1- жүргізуші:

Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

 

Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!

Ең үздік деп аталған 3 оқушымызға қол шапалақтап, демеу берейік!

 

1- жүргізуші:

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!

Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

2-жүргізуші:

Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне жетті.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Тип материала: Архив ZIP (zip)
Размер: 1.92 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 188

Похожие материалы