Интеллектуальной работы "Сөз мерген"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Нуржанова Жанар Аллажаровна
|
Мұғалім сөзі:
Армысыздар алқалы жұрт, көз көрген
Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы – «Сөз мерген»
Мақсаты: Өз ана тілін дамытуға, ана тілін терең меңгеруге құштарлығын ояту, халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы – мақал-мәтелдерді жатқа білуге, ақын шығармалары арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Сайыс кезеңдері:
І кезең: Мақал - сөздің мәйегі
ІІ кезең: Мықты болсаң, тауып көр
ІІІ кезең: Блиц-турнир
І-кезең: Мақал – сөздің мәйегі
1. “Тіл” сөзіне мақал құрастыру.
Көмекші сөздер:қазына, өнер, қызыл, байлық. Жауабы: Өнер алды – қызыл тіл.
2.“Отан” сөзіне мақал құрастыру.
Көмекші сөздер:көл, жер, отбасы . Жауабы: Отан отбасынан басталады.
3. “Өзбек, қазақ” сөздеріне мақал құрастыр.
Көмекші сөздер:там, алар, қатын, байыса, салар.
Жауабы: Өзбек байыса там салар, Қазақ байыса қатын алар.
4. “Жолға , сайла” сөздерінен мақал құрастыр.
Көмекші сөздер : жолдасыңды, тұрып, шықпай,
Жауабы: Жолға шықпай тұрып, Жолдасыңды сайла.
5. “Білерсің, қадірін, болғанда, балалы, әкенің” сөздерінен мақал құрастыр.
Жауабы: Әкенің қадірін , балалы болғанда білерсің.
6. “Күлерсің, итпен, үрерсің, ойнасаң, баламен, ойнасаң” сөздерінен мақал құрастыр.
Жауабы: Итпен ойнасаң -үрерсің, Баламен ойнасаң-күлерсің.
7. “Бала” сөзіне мақал құрастыр.
Көмекші сөздер: тәрбие, өнер, бесік.
Жауабы: Бала тәрбиесі-бесіктен.
8. “Дос” сөзіне мақал құрастыр.
Көмекші сөздер: алмайды, көпті, тау, жау, дау.
Жауабы: Досы көпті жау алмайды.
9. “Аппағым, жұмсағым” сөздеріне мақал құрастыр.
Жауабы: Қарға баласын аппағым дейді, Кірпі баласын жұмсағым дейді.
ІІ кезең: Мықты болсаң, тауып көр.Тұрақты сөз тіркестерін толықтырып, дұрыс құрастыр және мағынасын айт.
1. Аяғы ...
а) бұлттан ә) аспаннан б) жолдан
Жауабы: Аяғы аспаннан келу.(ыңғайсыздану)
2.Бөркін аспанға ...
а) алу ә) тастау б) лақтыру
Жауабы: Бөркін аспанға лақтыру. (қуану)
3.Көзді ашып ...
а) жұмғанша ә) бергенше б) қарағанша
Жауабы: Көзді ашып жұмғанша. (жылдам)
4. Мойнынан су ...
а) құю ә) кету б) ағу
Жауабы: Мойнынан су кету.(шаршау)
5.Төбе шаш ...
а) сүрту ә) тік тұру б) жуу
Жауабы :Төбе шашы тік тұру.(қорқу)
6.“Ит басына іркіт төгілді” – деген не?
Жауабы: Молшылық орнау.
7. “Ат тонын ала қашу” – деген не?
Жауабы: Мойындамау.
8. “Асығы алшысынан түсті” – деген не?
Жауабы: Жолы болды.
9. “Жүрегі ауызына тығылды” – деген не?
Жауабы: Толқыды, қобалжыды.
3 кезең: Топ басшысыларына арналған Блиц-турнир
1.Ғали Жамалды алып қашып, қаладағы саудагер досының үйін паналайды, досы кім? Қандай шығармадан алынған? (М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы, досының аты Фатихолла)
2.Жер тану сапарымен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралауға шығып, Меккеде болады, Стамбұл кітапханасында отырып жұмыс істеген ақын? (Ш.Құдайбердиев)
3.Көп тілді білетін адамды қалай атайды? (Полиглот)
4.Астананың символы не? (Бәйтерек)
5.«Бұл Тұрлығұл байға біздің Ғайшажанды айттыра келген шығар, қазыны бұзбай сал», - деген кімнің кімге айтқан сөзі және қандай роман, авторы кім? (Итбай Ақсұлу жұбайына С.Көбеевтің «Қалың мал» романы )
6.«Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп кім кімді атаған? (М.Әуезов А. Құнанбаевты)
7.Абайдың шын есімі? (Ибраһим)
8.Ұлы жүздің төбе биі кім болған? (Төле би)
9.Үш жүздің басын біріктірген хан кім? (Абылай хан)
10.Қысылған жерде Жорға Нұрымға пышақ салады. Бірақ бұл жоспарлы әрекет емес, ескі әдет-ғұрып заңы мен қоғамдық жөнсіздіктер ашындырған Ахметтің ыза үстінде көрсеткен әрекеті. Оқиға қандай романнан алынған? (С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы)
Әділқазылар алқасы топтардың жиған балдарын санағанша біз достарымыздың өнерін тамашалайық.
Осымен бүгінгі «Сөз мерген» топтар арасындағы алғырлар мен тапқырлар тіл сайысы аяқталады. Топтардың белсенді қызығушылықпен қатысқаны үшін көп-көп рахмет!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.1 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |