Здесь была ссылка на работу Интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі автора Амалбеков Данияр Спандиярович.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы, №256 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі. Амалбеков Данияр Спандиярович Интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі. «Технология» термині алғаш рет 1940-1950 жылдары пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология – өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы. Педагогикалық сөздікте «педагогикалық технология – социо-мәдени өлшемді тұлғалық көрініс еркіндігін үйлестіруші әлемге қатынасын қалыптастыру мақсатында қоршаған ортамен дара қарым-қатынас мағынасында балаға, педагогтық әсер етуінің ғылыми негізделген кәсіби шешімін білдіретін педагогикалық шеберліктің компоненті», - делінген Интерактивті әдіс – бұл оқытудың немесе тәрбиелеуде қандай да бір нәтиже шыңына жетіп қана қою емес, бұл бір-бірімен тығыз байланысқан тұтас аспектілер жүйесін қалыптастыру. Егер бұл аспекттің біреуі орындалмас, онда қалған аспектінің құлдырауына әкеліп соғады. Бұл үш аспекті – білім, дағды, құндылық жүйесі. Яғни осы үш аспекті қарым-қатынас пен оқтудың методологиясына бірлік береді. Білімді қалыптастыру жүйесінде қандай да бір тәртіпті интерактивті әдісті оқытудағы интенсивті процесті қалыптастыру. Білім оқыту барысында қалыптасады және тұтынады. Білімді қалыптастыруда ғылыми жүйені қарау немесе білім деген көз қарас шығармашылық, тұтынушылық болып қалыптасады. Құндылық жүйесі өзіне: алынған білімді қажеттілігіне ұғыну және осы алынған білімді әрбір адам жауапкершілікпен қолдану. Бұл қарым-қатынас белсенді танымдылық ой-өрісін дамытады. Методология – интерактивті әдісті қолдану. Оқушыларды оқу жүйесіне түгелдей баулу. Олар қоршаған ортаны зерттеумен айналысып гармониялық жеке тұлғаны қазіргі кездегі негізгі құраушы күшін қалыптастырады. Модульдік интерактивті оқыту технологиясының мақсаты – тұлғаның танымдық қабілеттерінің және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту. Модульдік интерактивті оқыту технологиясының міндеті – жоғарыда айтылған мақсаттарға бағытталған оқу процесін мұхият құра отырып, оқушылардың білім сапасын едәуір арттыру, білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға қамтамасыз ету. Информатика және нақты ғылымды оқытуда интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі: 1. Оқушының ой-өрісін даму қабілеттілігін арттырады. Нақтылыққа тәрбиелейді; 2. Оқушы өзін – өзі меңгеруді, ізденуге сүйенеді. Интелектуалды жеке тұлға қалыптасады; 3. Жеке дайындық, тапқырлық, шешендік қасиет, белсенділік қалыптасады. Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхамбетжанова С.Т, Жартынова Ж.Ә. Интерактивтік жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері:Әдістемелік құрал. – Алматы, 2008.