«Интернет және біз» (10 сынып оқушыларымен өткізген пікір - талас)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Гарифуллина Гульзада Тулегеновна
|
Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек - интернетке байланысты оқушылардың білімдерің нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын арттыру; Оқырмандарға интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқырмандардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Қазіргі заман «ХХІ ғасыр – компьютер ғасыры». Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екенін білеміз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтын дәрежеге жетті. Кез келген өокениеттің екі жағы болатынын білеміз: біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжуы болса, екінші жағынан, рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу-сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі. Көптеген тұтынушылар компьютердің пайдалы екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді. Қажетті құрылғыларымен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.
Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсерін ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбейіп отырады.
Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі-жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 35.22 Kb |
Количество скачиваний: | 35 |