Изионить 7класс
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Аманбекова Жумакул Халиловна
|
Сыныбы:7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұрыштағы нүктелерді жіппен толтыру
( Изионить)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сәндік қолданбалы өнердің түрлерімен таныстырып, өз қолдарымен алғашқы бұрыштарды жіппен бейнелеуді үйрету.
Білімділік: Оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру арқылы білімін жүйелендіру.
Дамытушылық: Оқушыларға жіппен бейнелеуді үйрете отырып ой-қиялдарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.
Сабақтың әдісі: Баяндау,түсіндіру.
Көрнекілігі: Үлгі суреттер, қатырма қағаз, ине, жіп, қайшы, сызғыш, шеңбер сызғыш, қарындаш, өшіргіш, қайшы.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика,тарих.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
б) Құрал-жабдықтарын тексеру
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Тұрғын үйдің ерекшелік сипаттары қандай?
Ас үй жабдықтары қалай аталады?
Балалар бөлмесінің интерьерін қалай жасауға болады?
Ой қозғау. Кестенің қандай түрлері бар?
1.Қолөнер туралы не білесіңдер?
2. Ою-өрнек түрлері( каестедегі)
3. Түстердің үйлесімділігі?
4. Кесте өнері жайлы не білесіңдер?
5. Қолданатын құрал-жабдықтар
2.Жаңа сабақ
Жіппен бейнелеу белгілі және әр түрлі аттармен, изонит, жіп графикасы деп те айтылады. Жіппен бейнелеудің орындалысы көптеген қызықты өрнектер ойлауға мүмкіндік туғызады. Бұл өнерде шығармашылықты, көзбен мөлшерлей білуді, қолдың еңбегін, бейнелеуді, эстетикалық талғамды талап етеді. Жіппен бейнелеу графикасынан панно, құттықтау қағаздарын, сыйлықтық қалталар, кітап түптеуін жасауға болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 305.79 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |