ҮӘЖ педагогикалық технологиясы бойынша шығармашылық жұмыс

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

Кейінгі кезде еліміздің мектептерінде көптеген педагогикалық технологиялар кеңінен қолданыс тауып жүр. Солардың бірі – оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясы. Оның басқа педагогикалық технологиялардан айрықша ерекшелігі – әдістемелік жүйенің барлық компоненттерінің (мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер, формасы мен құралдарының) үшөлшемділігінде. Үшөлшемділіктің мәні: әдістемелік жүйенің (яғни, сабақ жоспарының) әр компонентінің үш деңгейде бір-бірімен иерархиялық байланыста болуында. Соның ішінде  бірінші кезекте, үш меңгеру деңгейлерінің мақсаттары бірінен-бірі туындайды және  біртіндеп жететін аралық нәтижелері болжамды түрде (белгілі бір балл санымен өлшенетіндей етіліп)  нақты қойылады. Әрбір деңгейдің мақсаттарына сәйкес, бірін-бірі толықтыратын, тереңдететін және  күрделендіріп отыратын деңгейлік тест тапсырмалар тізбегі іріктеледі.

 ҮӘЖ технологиясын оқыту үдерісінде қолдану барысында оқушылар:

а) зерттеушілік әдіс арқылы өз бетімен білім алуға дағдыланады;

ә) міндетті түрде әр тақырып бойынша бағаланады. Ол үшін сабақтың соңында бірін-бірі толықтырып, тереңдетіліп, күрделеніп отыратын үш деңгейлік тест тапсырмалары орындалады. Орындау барысында оқушы қабілетіне қарай, оған сәйкес балл жинайды. Бірінші деңгейдің барлық тапсырмалары дұрыс орындалса 5 балл, екінші деңгей үшін 4 балл, үшінші деңгей үшін 3 балл қосылып, барлығы 12 балл жинаса, оның білім, біліктілік деңгейі «берік» деп бағаланады және ол дәстүрлі оқытудағы «бестік» бағасына сәйкес келеді. Мұндай әр оқушымен әр пәннің тақырыбы бойынша кері байланысты  міндетті түрде жүргізііп, тиісті бағасын қою – оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясының айрықша белгісі және басқа технологиялардан артықшылығы болып табылады.  Нәтижесінде:

- әр оқушы барлық пәннен екіліксіз оқуға кепілдік алады;

- оқушының бір бағытта болса да қабілеті ашылады (қабілетсіз бала болмайды!);

- дарынды бала жан-жақты дамуға мүмкіндік алады;

- рейтинг жүйесі бойынша «қосу» әдісімен балл жинау арқылы оқуға деген қызығушылығы артады (жаңа квалиметрия негізінде). ҮӘЖ технологиясы – денсаулық, психика сақтаушы технологиялар қатарынан табылады. Дәстүрлі бес балдық бағалау «азайту» амалымен жүргізіледі («бес» ала алмасаң – «төрт» немесе «одан да төмен баға қою» қағидасына сәйкес), оқушылардың жүйкесін тоздыратын, оқуға деген ынтасын жоятын «жазалау» әдісімен бағаланады);

- ҰБТ нәтижесі жоғары көрсеткіштер береді;

- түлектер кәсіби бағдарланады;

- өмір бойы өзіне қажетті білім ала алатын құзыретті тұлға қалыптасады.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 12.44 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 199

Похожие материалы