"Жаңа жыл" кеші

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

1 ж: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!Міне тағы бір жылды артқа тастап, тағы бір жаңа жыл, жылан жылын қарсы алуға жиналдық.

2 ж: Иә, оқушылар тәуелсіздігімізге биыл 21 жыл толып, Жаңа жыл мерекесімен байланысып жатыр.Осы мерекеміз баршаңызға құтты болсын!

Еліміз тыныш болып, іргеміз биік болсын!

Ән: «Атамекен».Русланов Елдостың орындауында қабыл алыңыздар!

1 ж: Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастархан жапқандай.

Халық біткен қарбалас,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық,

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін.

Оқ атпасын ешкімде,

Өмір деген тым ыстық.

Жұмыр жердің үстінде,

Бұзылмасын тыныштық.

2 ж: Қараңдаршы балалар,

Ортада міне шырша тұр.

Сылдырлаған моншағы,

Шыршамыздың мол шамы.

Жаңа жыл бірлік берсін елімізге,

Береке, ырыс келсін жерімізге

Жылан жылын кең пейілмен қарсы алайық,

Қуаныш шашу шашсын төрімізге.

1 ж: Өткен жыл біз үшін жақсы, бейбіт, тыныш жыл болды.Жасымызға жас қосылып, тағы да бір жасқа өстік.Келе жатқан жылымыз бәріміз үшін құтты жыл, жемісті жыл болсын!Қыстың әсем әнін шырқауға шақырамын.Шыршаны айнала «Шырша жырын» орындап берейік.

2 ж: Ал балалар тұрмайық

Бастайықшы жыл кешін.

Бар қызықтан құр қалып,

Кей балалар жүрмесін.

Өлең айтып, би билеп,

Барлық бала терлесін.

Балалардың әдемі шыршаға арналған тақпақтары бар.Канеки, тыңдап көрейікші.

«Жаңа жыл келеді»

2 «б» Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

3 «а» Өлеңде әзір, ән де әзір,

Ойында әзір, бәрі де әзір.

Кел, жаңа жыл, біздерге

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 85.5 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 136

Похожие материалы