«Жаңа технологиямен жұмыстанудағы психологиялық қызметтің ата-аналарға әсері»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық  қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін психологтардың инновациялық іс-әрекеттердің ғылыми-педагогикалық психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан психологтың біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық психологиялық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі жаңатехнологияларды меңгеруі маңызды.

 

Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс иннофацияны былай түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», -дейді. Ендеше «Инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 70.49 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 120

Похожие материалы