Жаңа замандағы жаңашыл ұстаз

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Жаңа замандағы жаңашыл ұстаз» байқауы

Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Назарларыңызды қойып тыңдаңыздар,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

Ұстаз, ұстаз!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық.

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Жас ұрпақтың санасына сәуле құйған әмәнда,

Үйрететін тек жақсылық, әсте емес жамандық,

Бұл не деген құдіретті, ең таңдаулы мамандық

Бар әулетім қалап алған бағдар ғып,

Жүрегі ақ шәкіртіне тілейтін тек адалдық.

Ұстаз болдым өзіндейін өмірдің,

Ата рухы тілегімді қабыл ғып!

Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.

Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық

1. Кір шалмайтын ешқашанда қабағын,
Насихаттың қадамына қарағын.
Пән ішінде пәндердің бір төресі,
Алып жүрген орыс тілі сабағын – Нанаева Гульмира.апайды шақырамыз

2. Жанып түсер шәкірт десе жанары,
Жанат апай бастауышта сабағы,
Алып жүрген қоғамдық сан жұмысты,
Қамтиды ол қосымша көп сабақты – деп Жанат апайды шақырамыз

3. Биолог нағыз маман өзіңсің
Өзгелерге ісің үлгі, сөзің шын.
Жаңа әдіске үйретіп шәкірттерін,
Шәкіртіне қосымша білім берерсің – деп Тукибаева Гуля апайды шақырамыз

4. Басқарып бірлестікпен бірге келер,
Ал тарихи түсінік және берер.
Елгезек ,тіл алғыш қып тәрбиелеп

Шәкірттерді шығарды бірнеше рет деп Шаметова Алмагуль апайды шақырамыз

5. Білімді ұстаз, бейімді шетел тіліне.
Еңбегімен ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының жемісін көрсетеді,
Әрдайым мектебіне келгенінде. – Бердикулова Лаззат апайды шақырамыз

6. Ақырын жүріп келесің аяңменен,
Жұмысыңыз үнемі баламенен

Бала – шаға отбасымен бақытты,
Күнделікті шәкірттерге асықты.-деп бастауыштың мұғалімі Молдабекова Айгерім апайды шақырамыз
(барлығы сахнада)

Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым сынға түскелі отырған ұстаздарды тағы да қошемет көрсетіп қоялық.

Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан мұғалімдер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.

Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

на сөз кезегін береміз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.96 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 104

Похожие материалы