Жаратылыстану пәндерінен сабақтар жинағы

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабағымды Н.Назарбаевтың сөзімен бастадым. Үй тапсырмасын «Лото» ойыны арқылы сұрадым. «Ойлан-Тапта» атақты ғалымдардың суретін көрсетіп, олардың атымен информатика саласында қосқан үлесін сұрадым. Одан кейін жаңа сабақты түсіндіруді бастамас бұрын, сөзжұмбақты шешіп, оның ортасында тұрған сөздің ағылшын тілінен аударғанда мағынасы біздің сабақтың тақырыбы шығатынын айтып кеттім де, сабақты түсіндірдім. Сабақты түсіндірген соң, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, журналға қол қойғыздым. Содан соң компьютерде практикалық жұмыстарын бастады. Практикалық тапсырмалар деңгейлік тапсырма болды. Одан кейін компьютерде My Test бағдарламасында 5 сұрақтан тұратын тестке жауап берді. 3 деңгейді орындаған оқушылар 4 оқушы болды. Сабаққа қатысқандықтарын ескере отырып, сабақтың қорытындысы бойынша Фазыл, Елдос, Батырхан, Бауыржандарға «5» деген баға қойдым. Хиваз, Гүлнұр, Нұрдаулет, Әйгерімге «4» деген баға қойсам, Әсем, Қымбат, Даналарға «3» деген баға қойдым. Сабақты А.Байтұрсыновтың сөзімен аяқтадым. Ашық сабағымда өзімнің қойған мақсатыма жеттім.

10а  сыныбына  геометрия   пәнінен  «Түзу  мен  жазықтықтың перпендикулярлығы» тақырыбына ашық сабақ өткіздім. Сынып  оқушыларының  сабақ  үлгерімі  ортаңғы  деңгейде. Сабақ  өткізуде  алға  қойған  мақсатым  перпендикуляр түзулер тақырыбын оқып үйренуде перпендикуляр түзулер анықтамасын, перпендикуляр түзулер және  кесінділер, түзу мен  жазықтықтың  перпендикулярлығы  ұғымын,  теореманы  дәлелдеуді, аксиоманы қолдана білу іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда ұлттық дүние таным мәселелеріне қатысты танымдық-тағылымдық ой-пікір туындату, күнделікті өмір тіршілігімен  байланыстыра отырып ізденіске ықпал ету. Топпен,  жұппен  жұмыс  істеуге  үйретіп  ұжымдыққа, жауапкершілікке  тәрбиелеп, ұлттық тәрбие беру. Оқушының танымдық объектіні /анықтама, теорема, аксиома, есептерді/ талдай білу дағдыларын дамыту және ой ұшқырлығын ұштауға жағдай жасау. Оқушылардың  ақыл-ойын  жан-жақты  дамыту, математикалық  сауаттылығын  арттыру. Оқушыны  өздігінен  жұмыс  істеуге  үйрете  отырып,  оқушы  бойына  өзіне  деген  сенімділігін  тудырып, оқу-білімге  деген  қызығушылығын  арттырып,  оқулықпен  жұмыс  істеуге  дағдыландыру  болды.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 8.95 Mb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 172

Похожие материалы