Жас географ "Жер шарына саяхат" географиялық кеш (7-8 сынып)

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Географиялық кештің тақырыбы:

«Жас географтардың Жер шарына саяхат» сайысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.

Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір - бірін сыйлауға адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.

Оқушылармен амандасып кештің ұйымдастыру кезеңімен таныстырады.

1. Сыныпқа оқушылар келіп, 2 топқа бөлінеді.

2. Құрылған 2 топ өздерінің топтарының атын және капитандарын таныстырып өтеді.

Сонымен топ мүшелері бүгінгі «Жас географ» атты географиялық кешімізді бастаймыз. Олай болса оқушылар күрделі де, қызықты география пәнінен алған білімдеріңіз сынаққа салынып, күш сынасасыздар.

Ендеше бүгінгі «Жас географ» атты географиялық кешіміз 8 аялдамадан тұрады.

I аялдама «ЕУРАЗИЯ» - Дұрыс-бұрыс

II аялдама «АФРИКА» - Почта ойыны

III аялдама «АТЛАНТ МҰХИТЫ» - Ситуациялық сұрақтар

IV аялдама «СОЛТҮСТІК АМЕРИКА» - Жас картограф

V аялдама «ОҢТҮСТІК АМЕРИКА» - Сандар сөйлейді

VI аялдама «ТЫНЫҚ МҰХИТЫ» - Тапқыр топ

VIІ аялдама «АУСТРАЛИЯ» - Жекпе-жек

VIІІ аялдама «ҮНДІ МҰХИТЫ» - Көрермендерге сұрақ

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 4.17 Mb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 221

Похожие материалы