Жас маманға көмек - уақыт талабы

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Жас маманға көмек-уақыт талабы

Сабақтың мақсаты.жас маманға өзін-өзі тәрбиелеуге,бейімділіктерін дамытуға үйрету,рухани адамгершілікке тәрбиелеу.Жаңа технологияны үйренуге,меңгеруге баулу.Жас мамандардың мотивациясын арттыру.

Міндеті:

1.Жас маманға өз әрекетінің мәнін ашып,ойды дамытуға мүмкіндік туғызу;

2.Іскерлік қарым-қатынас еркшеліктерімен таныстыру;

3.Жаңа технологияның оңтайлы әдістерін қолдана білуге үйрету;

4.Жас маман өз іс-әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеру.

Әдісі:Іскерлік ойын,миға шабуыл,топтық шешім қабылдау,треннинг,жеке еңес беру. Семинар соңынан жас мамандар білуге тиіс:жаңа технологиялармен танысады;қазіргі кезеңдегі жұмыс жасауға бағыт-бағдар алады.Оқытудың мақсатын айқындай алады,оңтайлы әдістерн меңгереді,жаңа іскерлік қарым-қатынас құра біледі.

Күтілетін нәтиже:жас маманның жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады,зерттеумен айналысады,іс-әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады.

Тренинг барысы.

І.Психологиялық дайындық.

1. «Жылылық».

Бір-біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар?Әрине ,жылылық сезіндіңдер.Жақындық,мейірім,жақсы сөз айтқанда көңілімізге қуаныш ,шаттық пайда боладжы.Олай болса,тренингімізді мейірім,жылылық сәттілікпен өткізейік./ жылы лебіз айтуға болады/

ІІ.Топқа бөлу.

1.Тренинг.Өз қабілетіңді,өз талантыңды шыңда.

Тапсырмалар:

1.Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда деген сөзді қалай түсінесің?/ өз ойларын айту/

Өз қабілетіңді,өз талантыңды шыңда .

Әркім өз білімдерін,дағдыларын,іскерліктерін өз бетімен дербес жетілдіре алады.Адамның қабілетінің дамуына еңбексүйгіштік,табндылық,өжеттілік,шыдамдылық,ынталылық,өзін-өзі билей алмаушылық көмектеседі.Адам қабілетінің дамуына таланттың ашылуына оның білімнің шалағайлығы,жұмыс дағдысының болмауы,жалқаулық,еріншектік кедергі келтіреді.Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен көп ізденуі,көп оқуы,білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі.Талантты ашудың бірден-бір жолы-білімділік,ізденімпаздық.Алайда адамдардың өздері қолданып,іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады.Адам басқалардың мінез-құлқын,жұмысын жай ғана бақылау арқылы өзіне үлгі ете алады.Бақылау нәтижелерін және жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін білуге болады.Үнемі ақпараттарға шолу жасау,өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді.

2.Тренинг.Жаңа технология дегеніміз не.Слайд технологиялар түрлері.




Өткізу әдісі:бірыңғай топтық жұмыс.

1.Сызба бойынша талдап,түсіндіріңіз.


3.Дидактикалық дайындық-жалпы педагогикалық дайындықтың ең маңызды саласы.Ең алдымен мектеп мұғалімінің дидактикалық даялық деген ұғым туралы таным түсінігін қалыптастыру керек. Мұғалімнің дидактикалық даялығына оқытудың мотивтерімен оқытуға бағытталған мүмкіндіктер жатады.Нақты айтқанда, оқытуды ұйымдастыру қолданылатын әдіс – тәсілдерді жете біліп, оны қолданудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықтың белгілері деуге болады.
Мұғалімнің педагогикалық қызметі атқаруға қажет мынандай қабілеттері мен дағдылары болуы керек:

-оқыту үлгісін жоспарлай білуі;
-оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы;
-жүйелі түрде бақылау мен бағалау үрдсін жүргізіп отыруы;
Оқыту мынандай дидактикалық кезеңдерден тұрады:

-білімнің мақсаты мен қажеті түсуіндіріледі, әрекетке бағыттайтын мотивтері қалыптастырылады;
- оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауға мүмкіншілік жасалады;
-Білімді толық қабылдауы мен ғылыми ұғымдарды қалыптастыру басшылыққа алынады;
-білімді тәжірибе қолдануға қалыптасады;
-алған білімі бойынша таным түсінігін есепке алу, тексеру және бағалау үрдісін іске асырылады;

І.Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі.

Сұрақ.Осы мақсатты орындауда пән мұғалімдеріне қаншалықты дәрежеде көмек береміз?Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандыра ма?Біз неден қиналамыз,нені меңгере алмай жүрміз?Енді осы сауалдарға жауап іздейік.

Сабаққа жақсы дайындалғанымен кейде қандай мұғалім болсын,тіпті тәжірибелі болса да,өтетін сабағында қандай жағдаяттар кез келерін алдын ала біле бермейді.Сабақты жақсы көңіл-күймен,шабытпен шығармашылық ізденіспен мақсат қоя отырып жоспарланғанда ғана сабақ нәтижелі шығады.

Сұрақ:Қандай сабақтың құрылымдарын білесіздер?


1.Сабақтың тақырыбы;2.Сабақтың мақсаты;3.Сабақтың түрі;4.Сабақтың әдісі;5. Сабақтың көрнекілігі;6.Сабақтың типі;7.Сабақтың барысы;8.Сабақтың формасы.

Сұрақ:Сабақтың сәттері,ондағы мұғалімнің атқаратын жұмысы,оқушының міндеті жайлы талқылаңыздар?

Сабақтың сәттері

Мұғалімнің атқаратын жұмыс

Оқушының міндеті

1

Ұйымдастыру сәті

Сабаққа әзірлігін қадағалау

Оқу құралдарын әзірлеп сабаққа дайындалу

2

Үй тапсырмасын сұрау сәті

Әр түрлі әдіспен үй тапсырмасын қадағалау

Үйге берілген тапсырма бойынша сұраққа жауап беру.

3

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сәті

Өткен сабақ жаңа сабақты байланыстыру үшін дайындаған сұрауларын қоя отырып,жаңа сабақпен байланыстыра білу.

Тыңдау,сұраққа жауап беру.

4

Жаңа сабақты түсіндіру сәті

Жаңа әдіспен жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушы тыңдайды.

5

Жаңа сабақты пысықтау немесе бекіту.

Алдын ала әзірленген сұраулар бойынша оқушылардың білімі тексеріледі.

Алған біліміне қарай оқушы жауап береді.

6

Жаңа сабақ бойынша тапсырма орындату сәті

Бұл сәт мүмкіндігінше жазбаша жүргізіледі.

Оқушы орындайды.

7

Оқушыларды бағалау сәті

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақтағы меңгерген біліміне қарай әр түрлі әдіспен бағалайды.

Бағаны күнделікке қойғызу.

8

Үй тапсырмасын беру сәті

Жаңа сабаққа байланысты Үй тапсырмасы түсіндіріледі.

Тыңдап,күнделіктеріне жазып алады.

2. Мұғалім оқыту үрдісін ұйымдастыруда оқытудың мотивін мақсатын,мазмұнын,құралдарын.әдіс-тәсілдерін және қорытындысын жақсы меңгеруі және қолдануы керек.Қазіргі уақытты мұғалімге керекті нәрсе сабақтың түрін ажырата білу.

Сұрақ: Сабақтың түрлерін атаңыздар?

Сабақтың түрлері

Дәстүрлі Дәстүрлі емес Технологиялық

Дәстүрлі әдістегі мақсат – мұғалім түсіндіреді, сөйлейді белсенді оқушылар тыңдап, тапсырма орындайды.
Дәстүрлі сабақ кезеңдері:
А)Үй тапсырмасы
ә)Жаңа сабақ
б)Оқушыны бағалау
в) Үй тапсырмасы
Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз – қалыптан тыс сабақ.
Түрлері – пікір сайыс, саяхат, ойын, концерт, сот, конференция, сахналық сабақ, баспасөз, дәріс, дебат, т,б
Оқытудың дәстүрлі емес әдісіне қойылатын мақсат – оқушының дағды мен білімге қолын жеткізу.Сабақтың бұл түрінде оқушының өзара белсенділігі артады. Бұнда мұғалім тек бағыттаушы.
Мұғалімнің ескеретін жағдайлары:
1.Сабақта берілетін тапсырмаларды оқушының қабілетіне қарай таңдау.
2.Тапсырманы орындауға қажетті материалдық ресурстардың қаншалықты жетімділігін ескеру.
3.Егер топқа бөлу керек болса оның құрамын анықтау.
4. Берілген тапсырманы орындау кезінде оқушыға қиындық келтіретін мәселелерді анықтау.
Бағалау әдісін таңдау.
ІІІ.Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі.Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар.Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек.
Әдіс дегеніміз - мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс – әрекеті, тәсілі.
Технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынытығы.
Сұрақ: Қандай сабақ әдістерін білесіздер, қандай түрлерін қолданып жүрсіздер?
Сұрақ – жауап:
Әдістер: Логикалық қабілет арттыру
Баяндау
Ойын элементтері
Деңгейлеп оқыту
Ой қозғау
Ой қорыту
Іскерлік ойындар
Танымдық ойындар
Шығармашылық қабілеттерін арттыру т.б.
Сабақтың формалары: Сыныптағы сабақ
Зертханалық сабақ
Сарамандық сабақ
Өзіндік жұмыстар
Ал, сабақ барысында жоғарыда көрсетілген сабақтың сәттерін негізге алуға болады. «Тамызығын тапса, тас та жанады» деген халық даналығы бекер айтылмаған.
Сұрақ: Жаңа технология қажет пе?
Жаңаша оқыту технологиясы негізінде өз бетімен ойлап алатын, білім мен қабілетін қолодана білетін адамды табу қажет. Жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашып, әрбір оқушының бейімділігіне, қабілетіне қарай саралап, деңгейлеп оқытуды өз тәжірибемізде қолданып, оқушыны өз – өзіне сенім етіп тәрбиелеу мұғалімнің қолында дегім келді.
Семинар соңында кері байланыс парағын ұсыну.
Жалпы қорытынды: Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға - мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ «Мұғалім – мектептің жүрегі» Жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғып тұратын, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс.Семинар соңында кері байланыс парағын ұсыну.
Кері байланыс парағы
Аты жөні:
Семинар тақырыбы:
Семинар өзектілігі:
Не үйрендің:

Пікірің:
Ұсынысың:

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 70.5 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 130

Похожие материалы