Жасампаздық 7 сынып
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Бидаулова Жанна Абдухановна
|
Сабақтың тақырыбы: Жасампаздық жемісі.
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: Мейірімділік, татулық, ауызбіршілік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жасампаз халқымыздың ғасырлар бойы қол жеткізген жетістіктерінен
бастау алған, ұлттық рухы мен сана сезіміне серпін берген жаңа Астана туралы түсінік
беру.
Міндеттері: Оқушылардың Отан , сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушылардың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру.
Оқушыларды Отанын сүюге, инабаттылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері: Оқушылар Астананың бас қала, ұлттық рух пен серпін берген қала екенін сезінеді.
Түйінді идеялар: Мұғалім оқушылар бойында Отанды сүю арқылы өз елін бағалай алу қасиетін
қалыптастырады.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, слаидтар, постер, маркерлер.
Сабақтың барысы:
Балалар, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар, алып ұшақпен Отанымыздың астанасы Астана қаласына сапар шегіп барамыз деп елестетіңдер. Міне, Астанамызға да жақындап қалдық. Зәулім биік үйлер, әсем ғимараттар, жарқын жүзді адамдар, бақытты балалар. Неткен керемет! Ғажайып бір ертегідей! Есіл өзені қаланың дәл ортасыннан еркелей ағып жатыр. Өзен үстінде қайыққа мініп, қаланы тамашалап жүрген қонақтар. Мәз – мейрам болған балалар. Алыстан әсем ғимаратты «Ақорда», «Астана-Бәйтерек» монументі, «Думан» ойын сауық кешені көз тартады. Астананың сұлу көркі жанымызды қуанышқа бөлеп, шаттық сезімін ұялатады. Біз де әсем Астанамызды мақтан тұтамыз. Ғажайып қаламыза бар жақсылықты тілейік. Көздеріңізді ашыңыздар.
1-топ. Тлефон арқылы өз ойларын қорытындылайды.
2-топ. Телестудиядағы диктор жиынтық ақпарат береді.
3-топ. Тілші куәгерден сұхбат алады.
4-топ. Тілші оқиға орнынан ақпарат алады.
Қымбатты балалар! Сендер қазір рухани және экономикалық жағынан қарыштап өсіп келе жатқан елде өмір сүріп жатырсыңдар. Қазақстан Республикасының ел болашағы – жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Өздеріңе арналған ізгілікті шаралардың бәрі де сендердің отансүйгіш, елжанды, білікті де білімді азамат болып өсулеріңді көздейді. Елдеріңнің лайықты азаматтары, мақтаныштары болатындарыңа сенеміз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.22 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |