Жасай бер, туған тілім, ана тілім!

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Тесты
Автор:

Тақырыбы: Жасай бер, туған тілім, ана тілім!
Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты жүйелі айта алуға топ алдында еркін сөйлесуге баулу.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, нақыл сөздер
Сабақтың әдісі: жарыс, сұрақ жауап
Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбымен таныстырып, мақсатын баяндау. Оқушыларды екі топқа бөліп сайыс кезеңдерімен таныстыру.
II. Кіріспе.
Мұғалім сөзі:Құрметті оқушылар бүгінгі таңда тәуелсіздік туы желбіреп, еңселі елге айналдық. Сендер болашаққа нық сеніммен қарап отырған елдің ұлымен қазысыздар, яғни еліміздің ертеңгі болашағысыздар. 22 қыркүйек күні еліміздің тілдер мерекесі аталып өтіледі. 1998 жылы 20 қаңтарда ел басымыз Н.Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан Республикасының тілдер күні» деп жариялаған. Бұл мереке еліміздің жер-жерінде мәдени шараларға толы апталыққа ұласуда.
Әр адамның азаматтық қасиетімен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін қалай сүюімен өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.
Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болашақ - әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

III. Негізгі бөлім.
Жүргізуші: Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік
Жастарды имандыққа әзірлейік
Тәрбиемен білімді тең игерген,
Болашағы қазақтың деп білейік.
Бүгінгі біздің сайысқа екі топ қатыспақшы.
1 топ Асыл сөз тобы
2 топ ұшқыр ой тобы
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Сайыскерлерді ойын шарттарымен таныстыру.
1 Таныстыру
2 Бәйге
3 Тіл өнері
4 Мен ұнататын үш пән
5Шешендік өнер
6 жорға

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 41 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 111

Похожие материалы