«Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауына есептер шығару

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Күні: 17.02.2012 ж.                       Математика                                       Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  •  Жай бөлшектерді қосу, азайту және көбейтуге, санның бөлігін табуға берілген жаттығуларды дұрыс орындай білу дағдыларын қалыптастыру, білім-біліктерін тексеру, бағалау.

Дамытушылық:

  • Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту, әртүрлі есептер шығару арқылы ой-өрістерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:

  • Сабақ барысында есептер арқылы оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жігерін арттыру, намысын қорғауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, интерактивті тақта, ДК.

Сабақтың типі: Білім мен дағдысын қалыптастыру

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: саралап – деңгейлеп оқыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №866 (алгоритм әдісі бойынша)

ІІІ.Ой шақыру (сұрақ-жауап)

1. Дұрыс бөлшек және бұрыс бөлшек деп қандай бөлшектерді атаймыз?

2. Аралас сандар деп қандай сандарды айтамыз?

3. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз және азайтамыз?

4.Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту қалай орындалады?

5.Жай бөлшекті жай бөлшекке қалай көбейтеміз?

6.Өзара кері сандар деп қандай сандарды айтамыз?

7.Санның бөлігін табу үшін не істейміз?

ІV.Деңгейлік тапсырмалар

А – деңгейінің тапсырмалары. 5 ұпай

В – деңгейінің тапсырмалары. 10 ұпай

С – деңгейінің тапсырмалары. 15 ұпай

V. Логикалық жұмыстар

  1. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі? (Барлығында)
  2. Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім біледі?  (8)

      3.  Сәуленің 2 қуыршағы, 3 алмасы, 1 шоколады, 2 апельсині, 5 шабдалысы және 1 велосипеді бар.Сәуленің қанша жемісі бар? (10)

VI.Оқулықпен жұмыс.     20 ұпай

VII. Қорытынды (тест) - Рефлексия

VIII.Үйге тапсырма беру. Жай бөлшектерге амалдар қолдану тарауын қайталау; №867 1), №871 3), 4) №873 1)2) есеп

IX.Бағалау. Оқушыны бағалау шкаласы:

1-деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса – «3» алады

2-деңгейді орындаған бала 10 ұпай жинаса – «4» алады

3-деңгейді орындаған бала 15 ұпай жинаса – «5» алады

4-деңгейді орындаған бала 20 ұпай жинаса – «5» алады

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 92.58 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 136

Похожие материалы