Жазбаша көбейту және бөлу

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы : Жазбаша көбейту және бөлу 242*4 ; 986 : 4

Сабақтың мақсаты :

1.Білімділік :Оқушыларды үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлуге жазбаша түрде үйрету .

2.Тәрбиелік :Оқушыларды бірін – бірі тыңдауға , ұстамдылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық :Оқушылардың жылдамдығын , көркем жазуын , ойлау қабілетін дамыту .

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі : Сөздік , көрнекілік , сұрақ – жауап , жеке жұмыс түрлері , т.б.

Пәнаралық байланыс : Дүниетану , музыка .

Көрнекілік : Слаидтар , жеке үлестірмелі карточкалар ,т.б.

Сабақ барысы

І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өтілген тақырыптарды қайталау

  • 1-слайд :
  • Орыс ғалымы М.Ломоносов « Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін - математика , сондықтан оны оқу керек » деген екен .

Біз математика сабағын жақсы көреміз , олай болса , бүгінгі сабағымыз да қызық әрі тартымды өтпек .

Сабағымызды бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап берейік . Сендердің ата- аналарың еңбек етіп ақша табады , сол ақшаны қайдан алады ? ( Банкоматтан) Өзіміздің Қызылорда қаласындағы қандай банк атауларын білесіңдер ?

Банк халыққа қызмет көрсетеді . Одан біз ақша аламыз , ақша айырбастаймыз , ақша жинақтаймыз , басқа қалалардан , кез – келген жерлерден банкоматтардан , карточкамен ақша алуға болады . Банк қазіргі кезде өте көп тараған .

  • -Біз бүгінгі сабағымызды Қызылорда қаласының ең ірі банклерінің болашақ қызметкерлері ретінде сабағымызды 4 топқа бөліп өткіземіз .
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.18 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 158

Похожие материалы