"Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет" (ашық сабақ)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Хайредденова Гульнар Тулеугалиевна
|
Сабақтың тақырыбы: Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет
Сабақ мақсаты:
Білім беру:Оқушылардың білім негіздері туралы түсініктерін тереңдету, жаңа тақырыпты меңгерту. Желідегі компьютерлердің байланысу тәсілдері, ауқымды компьютерлік желі туралы оқушыларға түсінік беру, оның мүмкіндіктері мен міндеттерін түсіндіріп, таныстыру.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрістерін, дүниетанымын дамыту. Ауызша және жазбаша жаттығулар, тесттік тапсырмалар, сабақта пайдаланатын әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушы ойын жетілдіру, білім – білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың белсенділіктерін арттыру, іздендіру. Логикалық ойлау, өз бетінше жұмыстануын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды жылдамдыққа, коммуникативтілікке, өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа заман талабына сай ілесуге, жан - жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, әңгімелесу және сұрақ-жауап әдістері.
Сабақтың оқу-әдістемелік құралдары мен көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, тақырыпқа жасалған конспекті, слайдтар (презентациялар), тапсырмалар, тест.
Пәнаралық байланыс:информатика, аппараттық жасақтама, ағылшын тілі
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
- Желідегі компьютерлердің байланысу тәсілдерін;
- Интернет туралы жалпы түсінік;
- Интернет желісіне қосылуды;
- Интернетке байланысу құрылымын;
- Колледж компьютерлерінің байланысу тәсілдерін;
- Интернет тарихын;
- Протоколдар жөнінде түсінік.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- IP-адресті анықтауды;
- Желі адресін табуды;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
І. «Қайталау – білім анасы» үй тапсырмасын еске түсіру үшін сұрақтарға жауап беру
(5-слайд)
1). Компьютерлік желі дегеніміз не?
Телекоммуникация құралдарымен (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) өзара байланысқан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).
2). Компьютерлік желіге қандай құрылғылар арқылы қосыла аламыз?
Компьютерлік желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады
3). Компьютердің байланыс желісімен сәйкестендіруін қамтамасыз ететін құрылғы? Желілік адаптердің түрлерін ата.
Желілік адаптер-компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерлер (желілік адаптер) бір-бірімен кабельдер арқылы байланысады .Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады.
4). Компьютерлік желінің түрлері қандай?
Жергілікті желі, аймақтық желі, корпоративті желі, телекоммуникациялық желі, ауқымды желі.
5). Жергілікті желі дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
Жергілікті желі дегеніміз бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлердің біріктілген жүйесі. Олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады және бір бағдарламалық қамтамасыз ету дестесімен басқарыла береді. Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент-сервер және бір деңгейлі (тең дәрежелі желі).
6). Аймақтық желілер қандай жұмыс атқарады?
Бір қала мен ауданда немесе мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін біріктіру үшін аймақтық желілер қолданылады.
7). Корпоративті желілер қандай жұмыс атқарады?
Корпоративті желі – ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты жүйе. Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрайды.
8). Телекоммуникациялық желі қандай жұмыс атқарады?
Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын желі. Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты жіберу, телефон, телеграфтық, телевизиялық, және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырлады.
ІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ түсіндіру.(8-слайд)
Күнделікті өмір қажеттілігіне байланысты бір нәрселер пайда болып жататыны белгілі. Әрине компьютерлік желілер туралы айтқанда бәрімізді де олардың шығу тарихы қызықтыратыны анық. Олай болса, желі дамуының қысқаша тарихы.
Өткен ғасырдың 60-ж. алғашқы компьютерлік желі жасалып, ол Калифорния университетін, Массачусет технологиялық институтын және RAND әскери ғылыми-зерттеу орталығын байланыстырды. (Ол ядролық жарылыс болған жағдайда елді басқару үшін қажет деп есептелді).
Желіге қойылған басты талап – қандай жағдай болса да, мәліметті бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу болып саналды. Желіге оның басым бөлігі істен шықса да, қалған жағы дұрыс жұмыс істей беруі тиіс деген талап қойылды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.15 Mb |
Количество скачиваний: | 57 |