Жеміс-көкөніс өнімдерінен тағам түрлерін дайындау.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Рзагазиева Индира Шынбергеновна
|
«Бекітемін:»
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Р.Жаймақова
Сабақтың тақырыбы: Жеміс-көкөніс өнімдерінен тағам түрлерін дайындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге өсірілген жеміс-көкөніс өнімдерінен салат түрлерін жасап үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің қызығушылығын арттыру,еңбекке қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Студенттерді тазалыққа ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі:Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі:Аралас
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ –жауап,топпен жұмыс жасау
Сабақтың түрі:Зертханалық
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: «Дәмді асхана», «Өте дәмді» , «Берекелі дастархан» газет-журналдары, асхана құрал-жабдықтары, слайд,видеоролик.
Пәнаралық байланыс: биология, химия,география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Студенттермен амандасу, кезекші арқылы сабақта жоқ оқушыларды,оның себептерін білу.Оқушыларды жұмыс орындарына бөліп,қажетті құралдар мен құжаттарды беру.
2.Үй тапсырмасын сұрау: жекелеген оқушылардан үй тапсырмасын сұрау
3.Үй тапсырмасын бекіту:Сұрақтар қою арқылы бекіту
Жаңа сабақ
І Кіріспе бөлімі:
Оқушыларды сабақтың мақсатымен және жүргізілетін жұмыстардың ретімен таныстыру.Қауіпсіздік техникасы ережелерінсақтау қажеттігіне көңіл бөлу.
Оқушыларды топтарға бөліп,олардың жетекшілерін тағайындау.
Ерте заманннан бері адамзат баласы кеңінен қолданып кележатқан көкөністердің тағамдық қасиетіне ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кездегі «дәрі ауруы» аллергиясының пайда болуы, қорғаныштықтың төмендеуі сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты мұның маңызы арта түспесе ,кеміген жоқ. Ескі қолжазбалардан көкөніс дақылдарын ертеден тағамға пайдаланғанын біле аламыз. 40-60 жылдарда академик В.И.Эдельштейн өзінің еңбектерінде көкөністерді «Денсаулықты сақтаудың қайнар көзі» деп жазса, академик Е.П.Леонтович «Тағамның музыкасы» деген.
Әр халықтың даналығы мен адамзаттың ғасырлар бойы жинаған эмпериялық тәжірибесі фитотерапияның шексіз қазынасына айналған.Бұлардың емдік құрамын құнды мәліметтермен үнемі толықтырып отыру адамдардың тағамдық жәнеемдік мақсатта пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді.
Көкөніс дақылдарының тағамдық, шипалық сырына анағұрлым терең үңілу,химиялық құрамын ғылымның бүгінгі жетістіктері деңгейінде анықтап алу, лоардың сақтандырғыш дәрі ,емдік сақтандырғыш және әр түрлі ауруларға емдік дәрі ретінде , сондай-ақ , ерекше емдеу арқылы терапиялық әсерін күшейту үшін пайдаланылуда. Көкөніс дақылдарымен маусымдық емдеуді көбіне курортқа теңейді. Жеміс түрлерінің дәмділігі және олардың құрамындағы дәрумендердің, микроэлементтердің, тұздардың , қышқылдардың сан алуан болуы жағынан алып қарағанда ,олардың тағамды сіңіру прпоцесінің күшті химиялық реттеушісі деуге болады. Жүрек тамыр жүйесі ауырған кезде ,жүйке жүйесі нашарлап , жұқарған кезде нығайту дәрісі ретінде де пайдаланады. Гипертонияны-қан қысымын емдеу саласында сарымсақ терапиясын Жапония мен Қытайда кеңінен пайдаланады.
Көптеген көкөніс тағамдарының шипалығы неден анықталады? Қазіргі кезде белгілі болғандай , көкөністер адам ағзасындағы тағамдардың тез қорытылуына әсерін тигізіп,олардың сіңімді болуын жақсартады және зиянды заттарды бейтараптандырады, олардың ағзадан шығуын жеделдетеді,адамның қорғаныштығын жақсартып,әл-қуатын арттырады.
Көкөніс дақылдарының сирек кездесетін және халықтың тағамға аз пайдаланатын түрлерін көбейту, олардың сорттарын жақсарту, сондай-ақ жаңа дақылдарды тағамға пайдалану аса маңызды шара. Әрбір дақылды өсіріп, өндіруде биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ерте көктемнен қыс түскенге дейін үздіксіз ұзақ кезеңге пайдалануға және құнарландыруға мүмкіндік береді.
Біздің кең байтақ еліміздің ауа райы мен топырақ жағдайының әр түрлілігі сан алуан тағамдық көкніс дақылдарының өсіріп-өндіру мүмкіндігіне жол ашады.
Қорыта айтқанда , адам ағзаларының қалыпты қызмет етіп, қолайсыз жағдайдан қорғаныштық қасиетінің арта түсуіне көкөніс дақылдарының орны ерекше.
Жер-ананы қойнауынан қажетімізді айнымай таба білсек, бар байлықтың бастауы өз қолымызда болғаны.
Енді біз бүгін осы көкөніс дақылдарынан жасалатын тағам , соның ішінде салат түрлерін жасап үйренеміз
ІІ Жабдықтарды қолдана отырып жаттығу.
1.Қажетті құрал-жабдықтарды тарату.
2.Оқу материалдарын қолдана отырып жаттығу
ІІІ Студенттердің өндірістік жұмыстары және ағымдағы нұсқау.
Студенттердің практика жүзінде жасалатын жұмыстарына нұсқау беру. Қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау мақсатында аралап жүру.Қажет болған жағдайда жіберілген қателіктерге жәрдем беру.Жасалған жұмыстарды қабылдап алып, жұмыс орнын тазалау.
Орындалатын жұмыстар:
І топ «Жүзім бақыты» салаты
Қажетті заттар: Жүзім-200гр
Жұмыртқа -2 дана
Ірімшік -200гр
Кептірілген қара өрік-150гр
Тауық еті-200 гр
Майонез -5 ас қасық
Жаңғақ 100 гр
Дайындау әдісі: жұмыртқа мен тауық етін пісіреміз. Жаңғақты қуырып талқандаймыз. Қара өрікті жуып,бөліктеп тураймыз.Тауық еті мен жұмыртқаны ұсақтап тураймыз. Жүзімді екіге бөліп турап,сүйегін алып тастаймыз. Салатты тәрелкеге қатарлатып саласыз,оны қалауыңызға қарай жасаңыз.Ал өнімдердің әр қабатына майонез жағып,жаңғақ дәндерін себесіз.
ІІ топ«Калейдоскоп» салаты.
Қажетті заттар:Қызылша-300гр
Сәбіз-250гр
Картоп-300гр
Қырыққабат -200-гр
Ет-200гр
Анар-1дана
Моенез
Тұз
Өсімдік майы
Көкшөптер
Дайындау әдісі:Етті,картопты етіп турап,тұздап жекелеп табаға қуырып аласыз. Сәбізді үккіштен өткізесіз. Қырыққабатты майдалап турайсыз. Анардың қабығын аршып,ішіндегі дәнектерін даралайсыз. Көкшөптерді майдалап турайсыз. Ет пен картопты төртбұрыштылап турайсыз. Сосын тәрелкеге домалақтап:қызылшаны,сәбізді,етті,қырыққабатты,картопты айналдыра қойып шығасыз да,қақ ортасына анарды қоясыз. Моенезді қасына қоясыз.
ІІІ топ«Қысқы ғажайып» салаты
Қажетті заттар: Жасыл бұршақ-100гр
Моенез -100гр
Консервіленген саңырауқұлақ-50 гр
Алма -1дана
Жұмыртқа -4 дана
Туралған аскөк-2 ас қасық
Дайындау әдісі: Жұмыртқаны суға пісіріп аласыз. Саңырауқұлақ пен жасыл бұршақты бір ыдысқа салып үстінен моенезді қосып араластырасыз. Алманың қабығын аршып аса ұсақтамай турайсыз. Бүтін бір жұмыртқаны төртке бөліп саласыз. Сөйтіп барлығын жақсылап араластырасыз да үстінен аскөкті себесіз.
ІҮ Қорытынды нұсқау:
Сабақты қорыту. Жұмыс кезіндегі жіберілген қателіктерге талдау жасап,оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.
Өндірістік оқу шебері: И.Рзағазиева
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.79 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |