Жемістер және көкөністер. 3-сыныптар
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Бисенгулова Фатима Абуталиповна
|
Сабақтың тақырыбы: Жемістер және көкөністер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып олардың түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Сурет салу арқылы ,оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, сабырлы болуға қалыптастыру .Өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
1. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру,сурет салу.
2. Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, жемістер мен көкөністердің жасалған түрлері, қиылған түрлері, төл себет.
Сабақ түрі: Аралас сабақ..
Сабақ көрнекілігі: Суреттер,кеспе қағаздар, жемістер,интерактив тақта.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, бейнелеу өнері, халық педагогикасы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Кезекші ақпаратын тыңдау.
Ауа-райы, бүгінгі күн.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Оқушылар екі топқа бөлінеді:
1-топ «Алма» тобы
2-топ «Алмұрт» тобы
ІІ. Бүгінгі сабағымызда.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Үйге тапсырманы үйге берілген Натерморт суреттеріне баға беремін.
Жаңа сабақ. Жемістер.
Оқушыларға жемітердің суретін салдырмас бұрын,жемістердің пайдасын айтып өтемін.
Пайдалы тағамсыз жақсы денсаулыққа қол жеткізу мүмкін емес. Біз сіздермен қандай тағам қолдансақ, біздің жұмысқа қабілетіміз, біздің көңіл-күйіміз, біздің денсаулығымыз тікелей соған байланысты.
Жемістер – адамның биологиялық бейімделген тағамының бірден-бір түрі. Қазіргі заманға сай ортада күнделікті ас мөлшері құрамында жемістер үлесі өкінішке орай жеткіліксіз немесе мүлдем жоқ. Ал, жемістер адамның қоректенуінде әлдеқайда маңызды орынға ие
Оқушыларға әр – түрлі жемістердің суреттері көрсетіледі.
Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, әңгіме түрінде жүргіземін.
Тақтада қандай жемістердің суреттері ілініп тұрғандығын сұраймын.
Алма, алмұрт, шие, өрік, шабдалы, жүзім.(суреттері шығады)
1-сұрақ: Балалар, сіздер қандай жемістерді ұнатасыңдар?
2-сұрақ: Оқушылар, қолыңыздағы кеспе қағаздағы жемістер қандай түсте болуы керек, бояп көрсетіңіз. (кеспе қағаздарда әр түрлі жемістердің суреті бейнеленген).
Сурет салу: Оқушылар өздерінің ұнатып жейтін жемістерінің суретін салады.Салған суреттеріне назар аудара отырып,білмеген жерлеріне көмек көрсетемін.
Оқушыларға жұмбақ жасырамын.
Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)
Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар? (Мақта)
Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)
Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе, жыладық. (Пияз)
Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да,
Айналар нанға да. (Бидай)
Ойын:
Қазақстан жерінде өсетін жемістерді бір себетке, ал өспейтін жемістерді бір себетке сал.
Оқушылар суретпен әр-түрлі сөйлемдер құрастыр
Алма туралы өлеңді айтып өтем.
АЛМА
Көркейткен ауланы,
Көріңдер алманы.
Тіліңді үйірер –
Шырынды, бал дәмі.
Жаңа сабақты пысықтау:
Сабағымызды ойын арқылы пысықтаймыз.
Жемістермен көкөністерді айыру.
Қызанақ. Ол – көкөніс. Картоп. Ол – көкөніс.
Бағалау. Бүгінгі сабағымызда жемістердің суретін салған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.Басқада жеміс суреттерінін салып келіңдер,сау болыңыздар!
Тип материала: | Неизвестен (jpg) |
---|---|
Размер: | 657.46 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |