"Жер сілкінісі" (9 сынып)
| Предмет: | География |
|---|---|
| Категория материала: | Презентации |
| Автор: |
Кереева Мадина Онайбаевна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Жер сілкінісінің төрт түрі бар.
Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.
Жанартаулық жер сілкінісі - жанартаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.
Опырылма жер сілкінісі - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады.
Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.
Жер сілкінісіне жалпы мінездеме.
Орталық нүкте - жердің астында жер сілкінісі басталған (болған) орын.
Кіндік орталық - бұл орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.
Ошақтың тереңдігі - орталық нүкте мен кіндік орталығының аралығы. Терең емес жер сілкінісі болған жағдайда ошақтың тереңдігі 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 километрге дейін болады.
Жарықтың айырылған бөлігінің көлемі (ұзындығы) – сезілмейтін жер сілкіністерінде бірнеше метр және ірі жер сілкіністерінде бірнеше км-ге дейін жетеді. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөліктерінде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ жер бетіне де жетуі мүмкін.
Қатты дүмпудің ұзақтығы - орташа жер сілкіністерінде 2 секундтан 5 секундтқа дейін, ал күшті жер сілкіністерінде 20-дан 90 секундтқа дейін болуы мүмкін.
| Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
|---|---|
| Размер: | 397.31 Kb |
| Количество скачиваний: | 63 |