Жер қыртысының қозғалысы

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Ашық  сабақ 6- сынып «Жер  қыртысының  қозғалысы» Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайында білім беру. Оқушылардың «жер сілкіну», «жердің баяу қозғалыстары», «эпицентр» жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. Дамытушылық: Қосымша білім көздерін пайдалана отырып,жер қыртысының қозғалуын ғылыми тұрғыдан ойлау біліктілігін дамыту, географиялық көзқарастарын  кеңейту. Тәрбиелік:  Экологиялық тәрбие беру мақсатында оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, ластамауға тәрбиелеу, географиялық мәдениетке тарту. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың  көрнекілігі:   Дүние жүзінің физикалық картасы,  глобус, «Литосфераның құрылысы» суреті, «Жер сілкінудің» суреті Сабақтың кезеңдері:  І. Ұйымдастыру бөлімі           а/ Сынып  оқушыларын  түгендеу           ә/ Психологиялық  дайындық           Оқушыларды  тақтаның  алдына  шығарып, мұғалім тілек  айтып  сыйлықтар  береді ,сол  сыйлықтың  астында  топтың  аты  жазылған.Оқушылар  белгі  бойынша  топтарға  бөлініп  отырады.Енді  оқушылар  алдарындағы  смайликтер  арқылы  сабақ  алдындағы  көңіл  күйлерін  білдіреді.  1-оқушыға Тұрсын сен  бұлақтай  мөлдір  таза  бол! 2-оқушыға: Алмас  таудай  талапты  бол! 3-оқушыға:Ақниет  айың  оңыңнан  тусын! 4-оқушыға Жанаргүл жұлдызың әрқашан  жарық  болсын! 5-оқушы: Нұргүл  гүлдей  жайнап  өс! 6-оқушы: Тәбия қызғалдақтай құлпырып бер! 7- Дастан  сенің  көілің  әрдайым    көлдей  шалқысын!
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.47 Kb
Количество скачиваний: 95
Просмотров: 257

Похожие материалы