Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақ № 11

Күні: 25.11.14

Сынып: 5 А

Сабақтың тақырыбы: Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жердің құрамы; тау жыныстары және пайдалы қазбаларымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: Аралас

Оқыту құралдары: Карта, атлас, оқулық.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру

II Үй жұмысын тексеру

III Жаңа тақырыпты меңгерту

Үйге берген тапсырманы тексеру жүмысын окулықтың "Жердің құрылысы" және "Литосфералық такталар туралы ұғым" тақырыптарының соңындағы сұрақтар арқылы өткізу керек. Жаңа тақырыпты түсіндіруден бұрын оқушылар мына сұрақтарға жауап бергені жөн.

1. Қазба байлықтар қалай пайда болады?

2. Минералдар мен тау жыныстарының айырмашылығы неде?

3. Жанғыш қазба байлықтар қалай пайда болады?

4. Қазақстан аумағында қандай пайдалы қазбалар бар?

5. Өздерің тұратын немесе оған таяу жерлерде кандай қазба байлыктары өндіріледі?

Бұл сұрақтар оқушылардың білімдерін айкындап, нақтыылай түседі және жаңа тақырыпты игеруге әсерін тигізеді. Жаңа такырыпты окушыларға меңгерту үшін мұғалім тақтаға мына кестені сыза отырып түсіндіреді.

Оқушылар кестені дәптерлеріне мұғалімнің тау жыныстарымен таныстыру, олардың қасиеттерін сипаттау барысында толтырып отырады. Кестені толтыру үшін оқулық мәтіні пайдаланылады. Мұғалім коллекциядан әрбір тау жынысын көрсетіп, оның шаруашылық маңызын да айта кетеді. Мысалы, гранит - өте қатты магмалык тау жынысы. Түсі, әдетте, кызғылт немесе сұрғылт болып келеді. Құрамына дала шпаты, кварц және слюда кіреді. Гранитті кұрылыста, ескерткіштер салғанда пайдаланады. Оқушылар осындай мысалдарды өздері жалғастырады.

Тау жыныстарының екінші тобына су алаптарының түбіне шегіп жиналған шөгінді жыныстарды жаткызады жөне олардың органикалық, химиялык жөне кесек болып бөлінетіні айтылады.

Содан кейін мұғалім метаморфтық жыныстардың калай пайда болатынына тоқталады. Кейде шөгінді немесе магмалық жыныстар жер қыртысының терең кабаттарында болып тұратын үрдістердің әсерінен катты кызады және сығылады. Мұндай жағдайда олар өзгеріп, жаңа касиеттерге ие болады. Мысалы, әктастың қайтадан кристалдануынан мәрмәр пайда болады, ал гранит болса гнейске айналады. Жаңа материалды пысықтау үшін окушылар төмендегі жоспар бойынша өз беттерімен сарамандык жұмысты орындайды. Тау жыныстарына сипаттама:

а) пайда болу жолы (шығу тегі);

ә) құрылысы мен түсі;

б) каттылығы мен тығыздығы;

в) шаруашылықта пайдаланылуы;

г) өздерің тұратын жерде осы тау жынысы кездесе ме?

Үйге тапсырма. "Жер кыртысын түзетін тау жыныстары" такырыбы (§19). Жергілікті жердің тау жыныстары шаруашылыкта калай пайдаланылатыны жайлы дәптерге жазып келу. Келесі сабакка жер сілкіну, жердің баяу қозғалыстары жайлы мәліметтер жинақтап әкелу.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 36.18 Kb
Количество скачиваний: 87
Просмотров: 445

Похожие материалы