Здесь была ссылка на работу Жетелі елдің жеті белгісі автора Нургалиева Гулжахан Емутбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Жетелi елдiң жетi белгiсi» Тәрбие сағаттың мақсаты: Мемлекетiмiздiң ең негiзгi 7 белгiсiмен таныстыра отырып жетi саны ұғымына байланысты қастерлi түсiнiктер мен қағидаларды айтып, оқушыларға елiн қастерлеуге, Н.Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы 7 санын қастерлеп көрсеткенiн айта отырып,халық дәстүрiн сүюге , Отанын сүюге үйрету. Жабдықтаулы: 7 санына байланысты крассвордтар таблицалары. Н.Тiлендиевтiң «Ата толғау» күйi орындалып тұр. Сабақтың түрi: Пiкiр сайыс Ұйымдастыру: Оқушылар 2 топқа бөлiнген Бiрiншi топ аты: Жетi жарғы. Ұраны: Жетi атасын бiлген ер, жетi жұрттың қамын жер. Екiншi топ аты: Жетi қазына. Ұраны: Жетелі елдiң баласы, жетi жаста баспын дейдi, Жетесiз елдiң баласы, жетi жаста жаспын дейдi. Тәрбие сағаттың өтiлу барысы: 1.Тәрбие сағатын ашу. Тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру. 2.Топтардың таныстырылуы: Әр топ аттарын және ұрандарын хормен айтып, тос белгiлерiн қорғайды. 3.Тақырып жайлы алғы сөз: Не құпия бар екенiн кiм бiлсiн, әйтеуiр қазақ баласы «7»-нi қастерлеген. Мысалы: 1. Жетi күн 2. Жетi қарақшы 3. Жетi ата 4. Жетi қабат жер 5. Жетi қазына 6.Жетi жарғы 7.Жетi дыбыс т.с.с. Аталған жетiлiктердiң әр тармағын талдап, таратып айтсақ әр қайсысы бiр-бiрiне тығыз байланысты, бiрлiктен тұрады. Жетiлiктердiң әрбiрiн табиғат, өмiр аясымен байланыстырса, баламасы былай болады: 1.Жетi ата – «хан»; 2. Жетi қарақшы – «көк тәңiрi»;3.Жетi күн – «уақыт»;4.Жетi қабат жер – «тiршiлiк негiзi»;5.Жетi қазына –«табиғат сыйы»; 6. Жетi жарғы-«күш»;7.Жетi дыбыс – «сезiм, көңiл-- күй». Адамзат баласы осы жетiлiктер желiсiне көгенделе жаралып, дамып, өркендеп, толып отырған. Жоғарыда аталған жетiлiктердiң бiрi – «Жетi жарғы». Ата заңмен қорғалған елдiк нышандарымыз Ту, Елтаңба, Әнұран. Осы рәмiздердiң үшеуiмен ғана шектелмей, жоғарыдағы ойға сүйене отырып, «Жетi » төңiрегiнде шоғырландырмақшымыз. Тағы да бiр айта кететiн жай- қазақ елiнiң алғашқы рәмiздерiн жасап шығарған, мыңдайы жарқыраған маркасқалар тобы да жетеу. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламалық жолындағы ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар саны да «7». Ендеше осы жетiлiк елiмiздiң белгiсiн де көрсетiп тұрса артық болмас. Сонымен сөз кезегi оқушылар тобында: Жетi жарғы тобы: Елiмiздiң ең бiрiншi белгiсi «Ту» деп есептеймiн. Және Тудың әр түрлi жетi нышанын атап көрсеттi. Жетi қазына тобы: Елiмiздiң екiншi белгiсi «Елтаңба» деп есептеймiн. Оның жетi түрлi нышаны бар. Жетi жарғы (Ж.Ж) :Елiмiздiң келесi белгiсi «Әнұран». Бiр шумағын бастап айтады. Жетi қазына (Ж.Қ.): Әнұранның 2 шумағын айтады. Ұпай жинау сәтi . Ж.Ж . тобына ата заңнан жетi сұрақ берiледi. Оған оқушылар жауап берiп , ұпай жинайды. Сөйтiп өз ұпайларына ұпай қосады. Жетi жарғы : Елiмiздiң төртiншi белгiсi деп «Қазақ жерiн» танимыз. Оның мынадай нышандары бар. Жетi қазына: Елiмiздiң бесінші белгiсi деп «Мемлекеттік тілі» деп есептеймін. Оның нышандары бар. Жетi жарғы : Елiмiздiң алтыншы белгiсi деп «Ел теңгені » айтамын. Оның мынадай нышандары бар. «Менің Қазақстаным» әні орындалады. Жетi қазына : Елiмiздiң жетінші белгiсi боп ел жазуды алу керек деп есептеймін. Жетi жарғы : Елiмiздiң жетінші белгісі деп «Ата Заңды » алған дұрыс . Пікірсайыс аяқталды . Екі команда үшін мақал-мәтел табудан сайыс өткізу. «Елім менің » әнін орындау. Оқушылар жинаған балдарды қорытындылап ,ұпайды санайды. Тәрбие сағаттарын қорытындылау.Қатысқан адамдар ,командалар туралы пікірлерін айтып, жеңген командалар марапатталады.