ЖИТС

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Акция тақырыбы: «ЖИТС – ғасыр дерті»

Уақыты:26.11.2014ж.

Әдісі: тәрбие сағаты

Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТСдертінің алдын алу, сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру; салауатты өмір салтын қалыптастыру; оқушыларға ЖИТС қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зияндылығын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселденбарынша аулақ болуға шақыру;оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, АИТВ/ЖИТС жайлы плакаттар.

Барысы:

1жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы күрес күніне арнап өткізілгелі отырған«ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбындағыкешімізге хош келдіңіздер!

2 жүргізуші:Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты,хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деген болатын. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, шыныққан шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза, көк желекті дамыған елде тұруы керек. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізілгелі отырған «Жүре пайда болатын Иммунитет Тапшылығы Синдромы – ғасыр дерті»атты кездесуіміздібастауғарұқсат етіңіздер.

1ж:«Әрбір жаманшылықтың жағасындатұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады»деп айтылғандай, қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын-ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруыныңқауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе, сондықтан әрбір адам АИТВ/ЖИТС ауруы туралы жан-жақты білсе, мұндайіндеттің алдын алуға болады.

2ж: АИТВдегеніміз не?АИТВ сөзін тарқатыпайтқандаАдамныңИммунитетТапшылығыВирусы дегенді білдіреді. Бұл қоздырғыш адамның қорғаныш жүйесін зақымдайды және жойып жібереді. Қорғаныш жүйесі дегеніміз – адамның жұқпалы ауруларданқарапайым қорғану жүйесі. Орыс ғалымыР. Петров « Қорғаныш – адамға микробтар әлемінде өмір сүруге мүмкіндік бермейтін рұқсат қағаз» деген болатын.

1ж: ЖИТС сөзін таратып айтқанда, « Жүре пайда болғанИммунитетТапшылығы Синдромы» дегенді білдіреді.Бұл қорғанышжүйесінің күрделізақымданғанынайқындайтын жұқтырылған белгілердіңжиынтығы.Жүре пайда болатын Иммунитет Тапшылығы Синдромы басқа жұқпалы аурулардың жұғуынажағдайжасайды, яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

ЖИТСбірте-бірте дамитын, кейде бірнеше жылдарға созылып, адамды өлімге жеткізетін кесел. ЖИТС – АИТВ жұқпасының соңғыкезеңі.

2ж: ХХ – ғасырдыңобасыатанғанАИТВ/ЖИТСауруыныңшығуыжәнетаралутарихыжайында баяндамаға кезекберейік9-сынып оқушысы Орынбасар Ботакөз

1ж: Адам!

Адам!

Бөлісіп уайымды,

Болашаққа болыңдар дәйім үлгі.

Бір- біріңе болыңдар мейірімді,

Бір- біріңе болыңдар қайырымды.

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір- біріңе болыңдар қайырымды.

2ж:Тыңда, дала, ұрпағыңды,

Саңқылдағанжалынды үнді.

Ұран боп сөздер қалықтайды

Салауаттылық салты жайлы.

1ж: Өмірді салауатты қолдап біздер,

Айтқалы келдік міне нақыл сөздер.

Көрсетсек бар өнерді шын сайыста,

Қол соғып тамашалар талай кімдер.

2ж:Алдарыңызда №3 мектеп-интернатыныңүгіт бригадасы «Денсаулық».

Ұранымыз: (бәрі бірге)«Тәнісаудыңденісау».

Көрініс:

-Әй, щегол, бері кел! Қазір саған өмірдің қызығын көрсетемін. Кәйф!

-Ой, ол жаман, қазіргі кездеАИТВ/ЖИТС деген шығып жатыр, таста.

-Әй, ЖИТС деген не екенін білесің бе?Оны орыс тілінен қазақшаға аударғанда«ұйқтап жатыр»деген сөз.

1оқушы: (ЖИТС ауруымен науқас бейнесінде)

ЖИТС деген тағы да бір жау шықты,

Жер астына жөнелтті небір албыртты.

Ажал себер аждаһадан аулақ бол,

Жастар неге сақтамайды саулықты?

О, жаратқан!

Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,

Құрбанымын ЖИТС деген кеселдің.

Ақтамай-ақ кетіп барам арманын

«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.

Кім кінәлі, аялаған анам ба,

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Тек қана өзім кінәлімін, сол үшін

Улы дерттің құрбаны мен болам да.

Жас жеткіншек!

Өздеріңе өлер кезде айтып кетер -борышым,

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Құтқаратын күшжоқ, онда әлсіз тірі өліксің,

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!

2оқушы:

ЖИТС – тажал,

Күресейік белсеніп,

Қиндықты тастайық та еңсеріп!

Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны,

«болашағым» дейді бізге ел сеніп.

3қушы:

Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,

Аман-есен өтіп келген өткелден.

СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,

Дүниені орап келер беткейден.

Обасы ол ХХІ ғасырдың,

Айырмаған досың менен қасың кім?

Мың-миллиондап жеп келеді жегі құрт,

Қиылуда қыршынынан жасыл гүл.

4қушы:

Таңдамайды, талғамайды кімді де,

Қазақ, орыс, америка, үндіме?

Тыңдаңыздар, оқыңыздар, көріңдер,

Жұтпақшы ол тірлікті де, күнді де.

СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,

Сан адамға жазылмас жара салды.

Сан адамды өмірден алып кетті,

Мамандар да бір емін таба алмады.

Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба,

Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!

Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,

Көтер басты, тағы айтамын, мұңайма!

5қушы

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын.

Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,

Су ішпегенгүлдей болып солмайық!

6қушы

Бұл өмірде не керек?

Дұрыс сөйлеп, дұрыс жүру керек.

Ішімдік ішпей, шылым шекпей,

Денемізді шынықтыру керек.

Ерте тұрып ,кеш жатып,

Есірткіге еліктемей,

Ерінбей еңбек ету керек,

Бәрі: Бәріне де салауатты өмір керек.

1ж:ЖИТС-пен ауыру өлім жазасына кесілгенмен бірдей, себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол – ол сақтану, алдын-алу.

2ж:соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғсырдың обасы аталған ЖИТС дертіне аууда. Қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудансақтану жолдары, алдын алу және жұғу жолдарымен белгілерін, оның залалын жан-жақты білу, зиянды әдеттерден сақ болу – баршамыздың міндетіміз. Олай болса алғашқы сөз кезегіпсихо-әлеуметтіккеңес берукабинетініңдәрігері Тотаева Раушан апайға беріледі.

Көрініс: АИТВжұғу жолы :

АИТВ/ЖИТСжазылғанплакат. АИТВдегенаса қауіптіқоздырғыш, яғнивирус.АдамдарАИТВвирусын3 түрлі жолменжұқтырады. АИТВ- дансақтанбасаңдарқанғатүссеАИТВ вирусынешкім де жеңе алмайды.

А.АИТВдегенаса қауіптіқоздырғыш, яғнивирус.АдамдарАИТВвирусын3 түрлі жолменжұқтырады. АИТВ- дансақтанбасаңдарқанғатүссеАИТВ вирусынешкім де жеңе алмайды.

И. 1-ші жұғу жолыжыныстық жолмен.Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. Бұдан сақтанукездейсоқ жыныстық қатынасқа бармау, презерватив қолдануАИТВ/ЖИТС – тен сақтандырады.

Т. 2-шіжұғукөзівирустың бірден қанғатүсуі (есірткі қолданушылар бір шприцті қолдану, қан құйғанда, жарақаттанған теріге АИТВ – мен науқастанған адамныңқаны тигенде, ауыз қуысы зақымданса ортақ тіс щеткасынан, тісемдету кезіндезарарсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда, бір станокпен қырынған да, қас жұлу, татуаж жасатқанда залалсыздандырылмаған құралдарыменқан айналымына енеді. )

В.3-шіжұқтыруанасүті арқылынәрестелерді зақымдау. АИТВ-мензақымданғанана сәбиді емізу арқылы жұқтырады.

А. Сақтықшараларынорындамасаңдаросы 3 жолмен қанға еніп алыпбүкілиммунитеттібіртіндепжойып, соңғы сатысы ЖИТС-ке айналып, өлім жағдайына алып келеді.

Ж:Біз СПИД-ке қарсымыз!

Бүкіл әлем күресуде-

Індетімен ғасырдың,

Емін әлі таппады ешкім

Сол бір зұлым, пақырдың.

Күннен күнге ұлғаюда

Аурулардың саны деп,

Дәрігерлер дабыл қағып,

Шырылдады,аһ ұрды,

Дүние жүзі адамзатты

Қорғануға шақырды!

И:Оу, адамзат, құлағың сал,

Саулық тіле басыңа,

Сақтана біл қайраттанып,

Енжар болма, жасыма.

Нашақорлық, ішімдіктер

Ұрындырар тегінде,

Салауатты өмір салты

Тұрсын әркез есіңде!

Т:Зұлым атты ғасырдың

Жазасызға жазалап сен тас ұрдың

Адамның ағза-миын жаулап алып,

Жейсің іштен аранындай қасқырдың.

Қоздырғышың вирус болса, жендетің

Өкпе, мида құртылады демде тым.

Ортасына әсері бұл төзімсіз,

Түсінбеді-ау ғаламшардың бұл дертін

Обасы жиырмасыншы ғасырдың

СПИД-тен барша кекті алмақпын

Ұланымын жиырма бірінші ғасырдың

Қақпа жабам, саған жол жоқ, аулақ жүр!

С:Жетті бүгін СПИД қазақ еліне,

Самал ескен белес-белес беліне.

Сақ болайық айта келген ажалдан,

Аямайды ол сені де, мені де.

Қазақ халқы«Өнер алды – тіл» деген

Арақ-шарап, темекіні білмеген

Тәні таза, жаны таза халқымыз,

Кең даланы еркін жайлап, гүлденген.

Бәрі бірге:Күресейік белсеніп!

Қиындықты тастайық та еңсеріп!

Жасұрпақпыз- халқымыздыңқорғаны

«Болашағым»дейді бізге ел сеніп!

1ж:Жұқтырылмайтынжағдайлардыайтып өтсек,олАИТВ-меннауқастанған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде, ас үй құралдарын бірге пайдаланғандажәне тамақ жегенде АИТВ жұқпайды.АИТВ/ЖИТС –пен науқастанғанадамдыұстағанда, құшақтағанда, сүйгендежұқтырмайды. Киім арқылы жұқпайды. АИТВ/ЖИТ-пен науқастанған адаммен қатар отырғанда, оның қаламсабы мен кітабын т.б. заттарын қолданғанда жұқпайды. Бір дәретхана мен ваннаны қолданғанда жұқпайды. Және айта кететін нәрсемаса сияқты жәндіктер АИТВ/ЖИТС қоздырғышын тарата алмайды.

2ж:АИТВнашақорлардыңортақшприц-инелерінқолданғанда жұғады.АИТВ/ЖИТС вирусы20% -інашақорлар арқылыжұқтырады екен.ЖИТС және нашақорлықтақырыбынөрбіту үшіндәрігерТотаева Раушан апайғасөз кезегіберіледі.

1ж:Біз «салауатты өмір салтын»насихаттап,келеңсізжағдайлардың алдын алып,«ХХІғасыр-салауаттықоғамғасырын»құруымызкерек.АИТВ/ЖИТС – тенсақтанужолдарынсалауатты өмір салты маманы Ербол ағайбаяндайды .

Денсаулықүгіт бригадасы:

-Денсаулық – баға жетпесқұндылық.

-ЖИТС –ке қарсымыз!

-Салауаттыөмірсалтынсақтаймыз,болашаққасенімменныққадамжасаймыз.

-Өз өміріңөзқолыңда!

2ж:АкциянықорытындылауүшінмектепдиректорыНәлібаева Ләззатапайға беріледі.

ЖИТС – ғасыр індеті

Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС яғни СПИДең алғашХХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-1981 жылдары Нью-Йоркпен Лос-Анджелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі(саркома Капоши) және пневмонияныңсирек формасымен ауыратын адамдар болған. 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетініңбаяндауы бойыншаөкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған. Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі аурулардың себебінен өлім жиілегені туралымақалалар жарық көрді. Бұл – ЖИТС еді.Бұл жұқпалыаурутуралыалғашқы хабарларАҚШбасылымдарында1981 жылдыңортасындажарық көребастады.

1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС- ты тіркеді.1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

Жуықта белгіліболған бұл аурудәрігерлердіңдәлелдеуі бойынша,адамның иммундық жүйесін зақымдап, қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуіне әкеліп соқтырады. ЖИТСауруы пайдаболғаннан беріадам баласы қорқыныштыжағдайды басынан кешіруде.Өйткені ЖИТС - өте қауіпті індет. ОныХХғасырдың обасы»депбекер атамаған.Онымен науқастанған және вирусты жұқтырған адамдардыемдейтінтиімді дәрі –дәрмек жоқ. Жақын арада бұл дертке қарсы қолданылатынвакцинамен дәрілерді шығару мүмкіндігі де белгісіз болып отыр.Сонымен қатар ЖИТСвирусының адамның бойында бірден белгі бермеуі де қорқыныштыкүшейте түсуде.

Бұл вирусиммундықжүниенізақымдап,көптегенбасқажұқпалыаурулардыңбас көтеруінежағдай жасайды. СондықтанЖИТС –пен ауырған адамдарерте болсын, кеш болсынтүбіндемертболатыны анық. Бұл ауру пайда болғаннан бері20 жылдай уақыт өтсе де,оданемделіп,мүлдемайығыпкеткенбірде-бірадамжоқ.

Қазіргі кезде ЖИТСдертінешалдыққандармен оныңвирусынжұқтырғандардүниежүзініңбүкілелдеріндетабылыпотыржәнемұндай науқастардыңсаныкүн сайынартатүсуде.

Дүниедежүздеген түрлі жұқпалыауруларбар. Олардыңкөпшілігіерте заманнанберібелгілі.Адамдар олардыңдаму, таралу жолдарынанықтап,емделужәнесақтанутәсілдерінүйренді.

Адамдардыңағзасындаауруқоздырғыштары – микробтардан қорғайтын жүйеерекше ағзалардан,тіннен жәнежасушалардантұрады. Оны – иммундық жүйе,ал қорғаныстыққабілеттілікті – иммунитетдеп атайды. Иммунитет арнайы жасушалардыңжәне олар бөліпшығаратынерекшебелоктық заттардыңәрекетімен қамтамасыз етіледі. Ағзаға микробтар түскеннен кейін осы белоктық заттар қан, сілекей, емшек сүті,ішек жолы кілегейінде,т.б.жерлерде жинала бастайды. Мұнымен қатарадамдүниеге келген сәттен бастап қызметететінтұрақты(табиғи)қорғаныс жүйесі бар.Оғантері, шырышты қабаттардыңжасушалары, микробтарды бұзып-жоятын ерекше заттаржатады.

Егердеиммундық жүйе туа салысымен әлсіз болса немесе оның жұмысыкейбір зияндыфакторлардыңәсерінензақымданса, иммундықтапшылықдамиды.Соныңнәтижесіндеадамныңинфекцияғақарсытұруқабілеттілігіжойылып,өлімгедушарболады.Иммундықжүйеніңқызметінбұзып,ЖИТСқоздыратыносындайфактор -микроб екені белгіліболыпотыр.

Бастапқыкездедәрігерлер«жаңа аурудың»бар екенінанықтап,сонан соңоныңқоздырғышынтауып,зерттеді.

1981 жылыжаз айындаЛос-Анжелосқаласындағы ауруханалардыңбірінемикробтарқоздырғанпневмонияның, яғни өкпеқабынуының ауыртүріменнауқастанғанбес жігіт түсті.Иммунитеттіңкүрт төмендеуініңнәтижесіндеолардабасқа да қосымшаинфекциялар бар екені анықталды. Әр түрліантибиотиктерменжәнебасқадәрі-дәрмектерменбелсендітүрдеемдеугеқарамастаннауқастардыңбәріқайтыс болды.Олардыңбарлығы да гомосексуалистжәне нашақорларекен. Екі айөткеннен кейінЛос-Анжелос, Сан-Франциско қалаларында, Калифорния штатыаймағындаКапошисаркомасы (әдетте, қарттарда кездесетінтамырды зақымдайтынқатерлі ісік),кандидоз,ұшықтық инфекцияданасқынғанпневмонияныңөліммен аяқталғанжаңа оқиғалары тіркелді. Мұндайаурулар әдетке жатпайтынжыныстыққылықтарменайналысатынжастардыңарасындакездесетінібелгіліболған. Науқастардың бәрі детабиғатыбелгісіз иммундықтапшылыққадушарболғаныанықталған.

Дүниежүзілікденсаулықсақтау ұйымыбұл аурудыАІDSдеп атады.Орысша – СПИД,қазақшаЖИТСдепаталатынбұлкеселкезіндеадамағзасындақорғанысқабілетіжетімсіздігініңкешенді белгілері пайда болады. Таралуерекшеліктерінзерттеунәтижесіндеоныңжұқпалы ауруекеніанықталады. Міне,сөйтіп 1983 жылыбір мезгілдеФранциядаЛюкМонтанье,АҚШ-таРоберт Галлоауруларданосы кезгедейінбелгісізболып келгенвирустапты. ОлНІDV,орысша – ВИЧ, қазақша -АИТВ деп аталады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 79.5 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 153

Похожие материалы