Жоба "Геометриялық пішіндер әлеміне саяхат"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Абдыкаликова Лязат Усенбаевна
|
Аннотация
Балалардың білім жиынтығын тексеру үшін ойын ұйымдастырылады. Оларға тақтамен жұмыс құрады әр тесікке қажетті өз фигурасын (үшбұрыш, төртбұрыш, шар) орын орнына қою керектігін бір фигура екінші фигураның орнына шақ келмейтінін түсіндіреді. (Шар дөңгелек және оның тесігі де дәл солай, қолымен шеттерін ұстап шыққан педагог баланы заттың формасын сезімталдық қабылдауға үйретеді. Егер бала өзі істеуге қиналса оған қолмен батыл жүргізуді көмектесу керек.
Геометриялық пішіндерді оқытуда балаларға қолмен айналдырып көрсету, көзбен қадағалау маңызды болып саналады. Тәрбиеші фигураны көрсетіп оны атайды, кейін балалардан соны қайталауын сұрайды, кейін балалармен бірігіп дәл сондай қимыл жасауға шақырады. Балалар тәрбиешінің қолына қарап дәл соны қайталайды. Форманың қасиетін шығару үшін баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды, фигураларды дөңгелеткен бала дөңгелекті домалап, ал тік төртбұрыштың домаламайтындығына көз жеткізеді. Не үшін тік төртбұрыш домаламайды? өйткені бұрыштары кедергі жасайды. Тік төрт бұрыштың дөңгелек бұрышы жоқ, сондықтан домаламайды.
3
Мазмұны:
1.Кіріспе……………………………………………………………………….3
Негізгі бөлім:
2.1 Балалардың жас ерекшелігіне байланысты геометриялық пішіндермен таныстыру…………………………………………………………………..….5
2.2 Геометриялық пішіндер әлеміне саяхат……………………………...8
2.3 Жобаға ата –аналар мен балалардың қатысуы…………………………9
Қорытынды………………………………………………….…………………10
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………...…………11
Жұмыстың өзектілігі:
Балалар геометриялық пішіндерді зерттей отырып,пішіндердің көлемін түсін ажырата алады. Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды таба алады.
Жұмыстың мақсаты:
Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ізеттілікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады ;
2. Баланың жеке қабілеті айқындалады.
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес, баланың ойлау қабілеті артады ;
Жұмыстың зерттеу әдістері:
Жинақтау,салыстыру,ажырату,қорытынды жасау.
4
2.1 Шағын орталық тобындағы 2-4 жас аралығындағы баланың логикалық ойлауын дамыта түсу керек. Әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істеген тәрбиеші шарды ұстап, оны атап көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстіне қойып дөңгелетеді, қимыл барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр. Мен шарды қолдан-қолға домалаттым. Балалар қолдарына шар алып дәл осы әрекетті қайталайды, кейін кімнің шары қандай түсте екенін анықтайды. Қорыта келе, Зейнептің қолындағы қызыл шар домалап жатыр.Ханшайымның көк шары домалап жатыр.Ал, Нұрбақыттың қолындағы жасыл төртбұрыш домаламайды себебі бұрыштары кедергі келтіріп жатқанын байқайды.
5
2.2 Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер әлеміне саяхат.
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ізеттілікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы
Балалардың көңілдерін өзіне аударады.
- Балалар, барлығымыз ән салайықшы.
Біз көңілді қуыршақпыз, алақай, алақай,
Өлең айтып, би билейміз, балақай, балақай.
Тартып алып үшбұрыш орамалды алақай, алақай,
Дөңгелене би билейміз балақай, балақай.
- Бәріміз бері қарайықшы. Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті. Сиқырлы хатты ашсақ ішінен не шығар екен?
- Сиқырлы хаттың ішінде неше түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап береді?
- Дұрыс айтасыңдар, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек екен.
- Балалар, барлығымыз осы пішіндерді ауада жасап көрейікші.
- Үшбұрыш, ал мынау – төртбұрыш, ал мынау – дөңгелек.
- Ал, енді теледидарға қарайық. Теледидардан біз қандай пішіндерді көріп тұрмыз? Түстері қандай? Пішіндері қандай?
Тәрбиешіге қарап, айтқандарын қайталайды.
Сиқырлы хатты тамашалайды.
Пішіндерді атайды.
Көңілді әуеннің ойнауы арқылы ауада пішіндерді жасайды.
6
Теледидардан пішіндерді көреді, түстерін атайды. Салыстырады.
Осы кезде періште келеді. Қолында геометриялық пішіндерден құралған мысықтың суреті бар.
Тәрбиеші: Бұл кім болды екен бізге қонаққа келген, балалар сендер білесіңдер ме?
Балалар: Ол–Періште
Періште: Мен күн елінен келдім. Ойнап жүріп, мына суретті тауып алдым. Балалар сендер білесіңдер ме? Білсеңдер маған көмектесіңдерші. Мынау ненің суреті екенін айтындаршы?
Балалар: Бұл геометриялық пішіндерден құрастырылған мысықтың бейнесі.
Тәрбиеші: Мысықтың басы қандай геометриялық пішіннен жасалған?
Балалар: Дөңгелек.
Тәрбиеші: Тағы қандай мүшелері дөңгелектен жасалған?
Балалар: Көзі, аяғының басы, құйрығы–шаршыдан жасалған.
Тәрбиеші: Ал құлағы ше?
Балалар: Құлағы-үшбұрыштан жасалған.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, ал Періште ұқтын ба?
Дымбілмес: Иә, үшбұрыштан, шаршыдан, дөңгелектерден жасалған мысықтың суреті
Тәрбиеші: Балалар мысық қайда тұрады?
Балалар: Үйде тұрады.
Тәрбиеші: Ендеше мына геометриялық пішіндерден үй құрастырайық.
Жарайсыңдар ендеше ойын ойнап жіберейік.
«Мынау қай пішін?»
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 3–түрі ұсынылады.
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
Қорытынды бөлім:
1) Біз бүгін немен таныстық?
2) Оларға не жатады?
3) Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
4) Дөңгелекте бұрыш болам?
5) Сендерге сабақ ұнадыма?
7
Тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап бере отырып, ұйымдасқан оқу - іс әрекетті қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Пішіндер туралы жалпы түсінік.
Қалыптасқан әдет: Пішіндердің түсін, көлемін ажырату.
Істей білуі: Геометриялық пішіндерді біледі, әр түрлі пішіндер құрай алады.
· 0
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 2.34 Mb |
Количество скачиваний: | 40 |