Жыл басы Наурыз келді

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

 

Жыл басы Наурыз келді

 (Балалар қолдарында бәйшешек, қызғалдақ гүлдер, музыкамен кіріп, билейді.)
Жүр: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жаңұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!
Музыка ойналады –(Наурыз қыз, бір топ қыздарымен келеді)
Мен «Наурыз –қызбын»
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы!
Тыңдаңыздар, енді халқым
Жыл иесі қоянды!- деп қолымен көрсетеді, осы кезде музыка ойналады.
Есік жақтан қоян секіріп шығады: Мен қоян жылы боламын
Жалғаймын ұлу жылды
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп
«Балдырған» тобының қонағымын

Жүр: Қош келдің, қоян жылы
Еліме бақыт жылы, құт жылы
бейбіт жылы боп кір, төрге шық
Бүгінгі ән-думан өзіңе арналады

Ән: «Наурыз келді»
Қоян: Балалардың Наурызға арнаған тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.
Ислам: Салтымен ата –бабамның
Жаңғырды қайта заманым
Жаңа –жыл басы –бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!

АңсарС: Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады

Алан.Г: Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет, бізге нұр беріп
Шуақ шашып, ақ жүзің

Абылай: Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы

Жүр: Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, қызыр ата келеді. Қане, қарсы алайық. (музыка ойналады)
Барлығы амандасады: Қош келдіңіз қызыр ата!

Қызыр ата: (бата береді)
Жарқыра жайна Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін
Береке байлық –дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың бағы болсын
Арайланған таңы болсын
Ақ батамен қол жайғанның
Тілегінің бәрі болсын!

Барлығы: Айтқаныңыз келсін! Рахмет!
Қоян мен Наурыз қыз: Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар мен айтыс өнерін тамашалаған. Қане, балалардың арасында суырып салма айтысатын балалар бар ма екен? Болса, шықсын ортаға, өнерін тамашалайық. ( Бекзат пен Дильназ )

Дильназ: Айналайын халқым –ай
Құтты болсын салтың –ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын –ай

Бекзат: Айналайын халқым –ай
Болсын жүзің жарқын –ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай

Дильназ: Айтсам егер жаңылтпаш
Жаңыласың қалқам –ай
Жұмбағымды шеше алмай
Қиналасың қалқам –ай

Бекзат: Қына тасқа бітеді
Ақыл басқа бітеді
Жұмбағыңды шешуге
Білім бізде жетеді

Дильназ: Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінде
Самал еркін еседі
Біліміңді көрейін
Жауабын кім біледі?

Бекзат: Үйлеріңдей қаланың
Бөлек –бөлек бөлме жоқ
Макетіндей даланың
Болады ол дөңгелек
Қазағымның үйі ғой
Хормен екеуі бірге: Наурыз құтты болсын
Еліміз тыныш болсын
Ерекше заман болсын
Келер Наурыз тойына
Аман –есен жетейік!
Қоян мен Наурыз: Рахмет балалар! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, ақсүйек, тақия тастамақ, теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай.)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз «Көкпар» ойынын ойнаймыз. Шарты түсіндіріледі.
- «Тең көтеру» ойыны.
Екеуі сөз айтып қоштасып кетеді.
Жүр: Нұрсұлу келді әнімен
Салтанатты сәнімен
Қуантады біздерді
«Ән шашу» әнімен
Жүр: Өздерінің наурыз туралы ән жолдарын айтады: Расул, Мирас Ақерке, Лиза

Лиза: Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Расул: О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы –бал айың

Мирас: Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса

Ақерке: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!

Жүр: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!
Балалармен амандасады.

Әже: (қолында тостаған)
Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!
Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын!
- Балалар «наурыз көже» туралы білесіңдер?
Малик: Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді

Асуан: Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды

ДильназА: Бидай, күріш, тары бар
Бар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы

Әже: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. -Қане, қандай тағам түрлері? (күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет, )
- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар!
- отырған қонақтарға наурыз көжені ұсынады.

Жүр: «Наурыз көже» әнін қабыл алыңыздар.
Жүр: Дәміңізге рақмет! Тойды одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған шөберелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.

Әже: Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің шөберемнің тұсауын кесіп, жоралғысын алар қайсың бар?
- Мен бар, мен бар –деп біреу шығады.
Тұсау кесуші: Ала жіпті алайын
Әжеңе алып барайын
Ер жетті деп айтайын
Шашуын жеп қайтайын
Қаз, қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін
Қаз бол ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер!
Асулардан аса бер!
Әже шашу шашады, бата береді. Жортқанда жолың болсын!
Арғымақтай жүйрік бол
Асқардай таудай биік бол
Әумин!
Әже: Шөберемнің тұсауын кестің, орамал тон болмайды, жол болады
Осы кезде сүйінші деп екі бала жүгіріп келеді:
1 бала: (қуанып) Әже, сүйінші ақ сиыр бұзаулады. Аппақ, әдемі бұзауы бар.
Әжесі: (масаттанып) Төлің көбейсін, пейілің кеңейсін!
2 бала: (Дауыстап) Апа, біздің қара қой егіз қозы туды. Бұп-бұйра. Осында алып келейін деп едім, енесі жылайтын болды. Сосын әкелмедім.
Жүр: ( көпшілікке қарап) Міне, көрдіңіздер ме, құтты қонақ келсе қой егіз табады дейді. Қуаныштарыңыз құтты болсын.
- Көктем мезгілінде жер қарайып, күн жылынды, жайлаудағы ата әжелеріңе барғанда алдарыңнан шығатын қошақандарыңды сағынған боларсыңдар, ендеше, бәріміз «Қошақан» әнін орындайық.
Әже қоштасып шығып кетеді.

Жүр: Аңызбен, ертегімен бізге жеткен құрметті қонақты қарсы алайық.
(Ер Төстік атпен шауып келеді)
Ассалаумағалейкум ! Бұл жерде қандай жиын болып жатыр, менің кішкентай батырларым! Сендер, қай балабақшадан боласыңдар?
Жүр: Қош келіпсің! Ер Төстік батыр! Бұл жерде наурыз тойы өтіп жатыр. Батырлар мен сұлулар өз өнерлерін ортаға салып жатыр.

Ер Төстік: Менде құр қол келгем жоқпын. «Кім жылдам» деген ойын ала келдім.
Ойын шарты: бір сұлу қыз орындыққа шығып, екі қолына орамал ұстап биікке көтереді. Батырлар шауып келіп атпен, сұлулардың қолындағы орамалды алады. Кім бірінші орамалға жетіп, орнына оралады, сол жеңімпаз атанады.

Ер Төстік: Жарайсыңдар, батырларым! Маған ұнадыңдар! Рақмет сендерге! –
- Келесі ойнайтын ойынымыз: «Кім мерген» («Жамбы ату»)
- Қазақтың батырлары ат үстінде шауып келе жатып, құралайды көзге атқан, мерген болған. Мен сендерге атымды бере тұрайын, сынап көрейік.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Егер де, дәл тигізе алмаса, сол балаға қоятын мына дорбамда сұрағым бар.
1сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
2 сұрақ: Ұлттық киімдерді ата?
3 сұрақ: Жылқының сүті қалай аталады?
4 сұрақ: Түйенің сүті қалай аталады?
- Рақмет балалар! Көп нәрсе біледі екенсіңдер.

Жүр: Ер Төстік батыр, балаларға бата беріңіз.
Ертөстік: Берсем берейін батамды, ал тыңдаңдар, балалар!
Бата десең бастайын
Уа, халқым қол жайғын
Айналайын дарын болыңдар!
Сөнбейтұғын жалын болыңдар!
Балабақшаның нұры болыңдар! –менің жолға аттанатын уақытым келді. Сау болыңдар! – деп бір айналып шауып өтеді.

Жүр: Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!
Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.18 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 215

Похожие материалы