Здесь была ссылка на работу Жыл мезгілдері автора Калтаева Айым Сералыкызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырбы « Жыл мезгілдері»- «Времена года». Көптеген ақындар жыл мезгілдеріне өздерінің өлеңдерін жазған. Соның ішінде белгілі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да өлең жазған. Оқушы: Күз. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Оқушы: Қыс. Ақ киімді, денелі,ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Мұғалім: Жыл мезгілдеріне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Оқушылар: Үркерлі айдың бәрі қыс. Жаздың бір күні- Қыстың мың күніне татыр. Сәуір болмай, тәуір болмас. Қараша –қауыс,кәрі-құртанды тауыс. Мұғалім: Сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? 2. Қыс айларын атап беріңдер. 3. Көктемнің алғашқы гүлі? 4.Қараша нешінші ай? 5. Сенің сүйікті жыл мезгілін? Мұғалім: жыл мезгілдері туралы өлеңдер білесіңдер ме? Юра : «Қыс» Қыс айларын біліңдер: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпанды Қыз-қыз қайнап жүріңдер, Жұмарлап ойнап ақ қарды. Люба: «Көктем» Көктем деген көрікті- Наурыз, Сәуір, Мамырмен. Көктем деген көрікті- Нөсерлеткен жаңбырмен. Ануар: «Жаз» Жаз айлары дегенің: Маусым, шілде,тамыз ғой Жаз айлары дегенің; Береке, бақыт, ырыс қой! Таня: «Күз» Күздің айы мыналар: Қыркүйек, қазан,қараша. Қалғандарын қарашы, «Қ» әрпімен жараса, «Қ» әрпінен бас алып, Бұлар күзді құрайды. Мұғалім: Ал,енді жұмбақтарды шешейік. Қыста ғана болады, Ұстасан қолын тонады. (қар) Отқа жанбайды, Суға батпайды. (мұз) Ұзын мұртты сарылар, Қойнында наны бар. (бидай) Мұғалім : « Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына сурет салып әкеліңдер. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.