Жыл құстарының көктемгі тіршілігі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Аккалиева Жумагул Кизатовна
|
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық
Мейірім шоғын салайық.
Жиналған осы шуақты,
Достарыма шашайық.
Мұғалім:
Шанамен сырғып желетін
Шаңғы коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар:Қыс мезгілі.
Мұғалім: - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?
- Қазір қай ай?
- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?
- Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Мұғалім: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.
Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.
Мұғалім:- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
- Гүлдерге су құю жаман ба?
- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?
- Үлкенге көмектесу жақсы ма?
- Құстарға ұя жасау жаман ба?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 389.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |