Жыраулардың хан - сұлтандарға айтқан кеңесі – Асан қайғы

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: Музыка     Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д    Сабақ:  5     Күні:

 

Сабақтың тақырыбы:  Жыраулардың хан -  сұлтандарға айтқан кеңесі – Асан қайғы

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділігі: жыраулармен таныстыру

 

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

 

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды  сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

 

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

 

Сабақтың көрнекті құралдары:   композитор суреті, аспап

 

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезіңі

 

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 

  1. Ұйқас сөздер дегеніміз не?

 

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Асан Қайғы
Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
             Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, – дейді М.Әуезов, – ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария – Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.
         Асан – өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған "таза мінсіз асыл сөз" аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына "қайғы" деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.
Мал баққан көшпелі елге керегі – бейбіт тіршілік. Бірақ, ол кезде жаугершілік, басқыншылық, соғыс, құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған.
Олар ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген.
Асан қайғы "Әй, хан, мен айтпасам білмейсің" деген Жәнібек ханға айтқан толғауында "шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсің" – деп күйзелген халқының қамын ойлау орнына "қымыз ішіп қызарып, масаттанып, қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына масаттанған" ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ, парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген. Елінің қамын, ертеңін ойламаған ханға жырау "Ойыл көздің жасы еді... Ойылдан елді көшірдің, Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің... Еділ деген қиянға, еңкейіп келдің тар жерге", – деп нали тіл қатады.
Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды. Жырау ханға:

Тіл алсаң, іздеп қоныс көр, 
Желмая мініп жер шалсам, 
Тапқан жерге ел көшір, –

деп ақыл-кеңес береді. Онан әрі ханға:

Аңдып жүрген көп дұшпан, Өз басына келеді.
Елге жау боп келеді. Құлың кеп сені өлтірер.
Құладан қуды өлтірсе, Осыны Асан біледі, –

деп, жырау халық көтерілсе, хан басына ауыр күн туарын ескертеді.
Ақылгөй жырау "ата жұрты – бұқара" күшін жоғары бағалайды. "Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа" – деп, елді бірлік-ынтымаққа шақырады. Жырда ғибрат, өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да, келешек ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздаған. Жырау:

Ашу – дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің.
Түбі терең қуысқа, –

деп шалдуарлық теріс мінездерден сақтандырады. Сол сияқты "Ердің құны болса да, қол қусырып барған соң, аса кеш те қоя бер, бұрынғыны қуыспа", – деп, қайырымдылық, ерлік істерге жетектейді. Асан қайғының:

Арғымаққа міндім деп, Достарыңмен санаспа!
Артқы топтан адаспа! Ғылымым жұрттан асты деп,
Күніңде өзім болдым деп, Кеңессіз сөз бастама!
Кең пейілге таласпа! Жеңемін деп біреуді
Артық үшін айтысып, Өтірік сөзбен қостама! –

деген жолдарындағы өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы, философиялық терең ойлары бүгінгілерге де үлгі-өнеге.
"Көлде жүрген қоңыр қаз" толғауындағы ғибратнамалық ойлары да тереңділігімен, парасаттылығымен таңдандырады.
Асан жырлары тек өзінің мазмұнымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жырау поэзиясы толғау түрінде келеді. Ол өз жырларында синтаксистік параллелизмді шебер қолданған. 
Таза, мінсіз, асыл тас, 
Су түбінде жатады. 
Таза, мінсіз, асыл сөз, 
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас, 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сөз, 
Шер толқытса шығады, –
деген жолдардан мұны айқын аңғаруға болады. Жырау бұл тәсілді тек көркемдік үшін ғана қолданбаған, сол арқылы терең ой түйіндеген, сөз өнерінің қадірін білдірген, сөз жалаң дүние емес, адам жанының ішкі толғанысының, жан сырының көрінісі екенін тамаша өрнектеген. Ақын поэзиясы дыбыс үндестігіне құрылған.
Ойыл деген ойынды, 
Отын тапсаң тойыңды... 
Елбең-елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген 
Екі семіз қолға алып, 
Ерлер жортып күн көрген... –
деген жолдарда жырау өз ойын айтып беру үшін көркемдік тәсілді ұтымды қолданған. Мұндай өрнекті "Қырында киік жайлаған" өлеңінен де кездестіреміз.

Тыңдау: Асанқайға «Ел айрылған» , «Өсиет»

 

Үйрену: Халық әні «Елім –ай»

 

Муыкалық сауат:  Дәстүрлі музыка

 

ІV. Мадақтау. Бағалау.

 

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 762 Kb
Количество скачиваний: 115
Просмотров: 455

Похожие материалы