К. Мырзалиев "Ана"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Күні

15.04.15 ж.

Пән

Қазақ әдебиеті

Мұғалім аты-жөні

Кенжетаева Құралай Кенжебайқызы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Бексейіт орта мектебінің 5-сыныбы

Оқушы саны-8

Жас ерекшелігі: 10-11 жас


Сабақтың тақырыбы: Қ. Мырзалиев "Ана" өлеңі


Сілтеме:

Қ.Мырзалиевтің кітабы, өлең мәтіні,видео


Сабақтың мақсаты:

Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашады


Нәтиже:

Оқушылар ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиеленеді.


Түйінді идеялар:

Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейеді


Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ.


Әдіс-тәсілдері:

СТО ,АКТ,ОүБ


Пәнаралық байланыс:

музыка


Ұйымдастыру кезеңі3 мин.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


  1. Сәлемдесу.
  2. Ұйымдастыру,тренинг
  1. «Мозайка» әдісі бойынша топқа бөлу.
  2. Сабақтыңтақырыбы мен мақсатын оқушылардыңөздеріне шығарту

1.Сәлемдесу

2. Өздерін ретке келтіру,бой сергітіп, сабаққа деген қызығушылығын ояту

3.Топқа бөлінеді

4. «Ана» сөзіне ассосация жасау арқылы сабақтың тақырыбын болжап айтады және мақсатын шығарады.


Үй тапсырмасын тексеру 12 мин

1. Оқушылар С.Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» әңгімесі бойынша сұрақтар дайындау «Автор орындығы» стратегиясы

2. І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасынан мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жай күйін суреттеген жерінен үзінді жатқа сұрау


Қызығушылықты ояту 5 мин«Ой қозғау» әдісі


  • «Ана» сөзіне ассосация
    Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.
  • Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы не туралы болмақ?
  • Бүгінгі сабақтан не аламыз, алдымызға қандай мақсат қоямыз?

  • . Қадірлі
  • ақылды
  • дос
  • сұлу
  • аяулы
  • ажарлы
  • Құрметті
  • мейірімді


Мағынаны тану 20мин

(Сабақтың негізгі бөлімі)


«Ойлан-Жұптас-Бөліс» стратегиясы бойынша келесі тапсырманы орында

  • 1.Қ. Мырзалиевтің"Ана" өлеңін аудиодыбыстан тыңдатқызу«Ана» сөзіне жасаған ассосацияларына өлеңді тыңдап, оқығаннан кейін қосарларын бар ма?
  • 2.Топ ішіндегі сыныптасынмен жұптасып талқыла
  • 3.Топ өлеңді құрылысына талдау
  • 4.Сергіту сәті
    «Ана» туралы кімдердің әнін білесіңдер? Барлығымыз қосылып әнніңбір шумағын орындайық
  • 5.Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық. Мағынасын ашып берейік




1.Өлеңді ұйып тыңдайды Қосымша өлең бойынша қосқандарын айтады.

2.Мазмұнын игереді

3 Бәрі де, Ана, / бір өзіңнен / басталды. (а)
Сен деп жаздым / алғаш өлең / дастанды. (а)
Қуандым ба, / өзің бар деп / қуандым. (б)
Жыладым ба, / өзің жоқ деп / жас тамды. (а)
(3 шумақты, 12 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы)

Ән айтады.

Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.

Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.

Ананың ойы – балада,
Баланың ойы – далада.

Әкеге қарап, ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.

Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.

Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.


Бекіту.Күтілетін нәтиже4 мин.



-Балалар, Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
- Сабақ ұнады ма?

Анаға тілек тренингі.
Әр оқушы анасына тілектерін жазып, тақтаға іледі.


Бағалау

Оқушылар «Бас бармақ» тәсілі бойыншаөз- өздерін бағалайды


Үйге тапсырма1 мин


Шығармашылық тапсырма.
«Ана» тақырыбына шағын эссе жазу.

-Өлеңді жаттап келу (өлеңге сай музыкалық фон таңдау)

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.










Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 46.7 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 183

Похожие материалы