«Киелі күнім – Ұлысым»

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 19 наурыз күні аудан кітапханасымен бірге 9- сыныптармен өткізетін «Киелі күнім –Ұлысым» атты әдеби-сазды кештің бағдарламасы.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі: Тақырып аты жазылған плакат, ою нақыштар мен безендірілген ұлттық бұйымдар, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті мен жаңа кітаптардан кітап көрмесін шығару.(Кітапханашы мен оқырмандар ұлттық киім киген, кештің шымылдығы қазақтың ұлттық көрнекілерімен ашылып, шашу шашылады.)

1-жүргізуші:

Армысың, ақ ниетті іргелі елім,

Тілегім өзің менен бірге елім.

Шалқиын мұхиттайын тебіреніп,

Желкенін желге тосып жыр –кеменің.

2-жүргізуші:

Жыл тағы бүгін бөлек түрленеді,

Уа, жұртым есігіңді аш, Жыл келді.

Ақ ұлпа сәби жылдың дидарында

Қуаныш пен бақыттың тұр бедері.

1-жүргізуші: Қымбатты оқырмандар дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесі құтты болсын!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.03 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 132

Похожие материалы