Көк құрақ - көлдің сәулеті, Құспен аң - елдің сәулеті

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты :  Табиғатсыз күн жоқ екенін ,табиғатқа деген аяушылық сезімдерін ояту, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жер – ана біреу ғана . Бұл кемеде біз шексіз ұзақ саяхат шегу үшін қажеттінің бәрі бар.Бірақ адамдар оның бәріне ұқыпты қарау керек .Өмір құрылымы өте мықты болғанымен  шексіз емес.

Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, оның жер көлемі 2 млн 715 мың шаршы шақырым. Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі.Омыртқалы жануарлардың 835 түрі, оның ішінде сүтқоректілердің 178, құстардың 500 – дей, бауырымен жорғалаушылардың 49, қосмекенділердің 12, балықтардың 104, өсімдіктердің 1007 түрі,оның ішінде  гүлді өсімдіктер 428 түрі бар.

«Қызыл кітаптың» 2- басылымы 1991 жылы, 3 – басылымы 1996 жылы шықты. Қазақстан Республикасының  «Қызыл кітабы» - республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып кеткен жануарларды, өсімдіктерді қорғау, қалпына келтіру. «қорық » сөзі  аң – құсты аулауға  қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылады.

Қазіргі кезде Ақсу Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Батыс Алтай, Қорғалжын, Наурызым, Барсакелмес, үстірт қорықтары бар.

Қазақ жерінде алғаш болып Ақсу Жабағылы қорығы 1926 жылы,

. Наурызым қорығы 1934 жылы

. Алматы қорығы 1931 жылы

. Барсакелмес қорығы 1939 жылы

. Қорғалжын қорығы 1968 жылы

. Марқакөл қорығы 1976 жылы

. Үстірт қорығы 19847 жылы

. Батыс Алтай қорығы 1992 жылы

. Алакөл қорығы 2004 жылы ашылды.

 

 

 

Біздің халқымыз ежелден өз жерінің табиғатын аялап қорғап, обал мен сауапты , адал мен арамды ажырата білген. Аталарымыз бен әжелеріміз  жеміс – жидек өсімдіктерін жұлмаған, сындырмаған , көк шөпті орынсыз таптамаған.Ел шетіне жау тиіп ел үдіре көшкенде шаңырағына  қарлығаш ұя салып, балапан шығарып жатқандықтан Төле би бабамыз үйін жыға алмай жұртта қалыпты.Қазақ халқында үйіне кездейсоқ кіріп кеткен жыланды өлтірмей, басына ақ құйып шығаратын дәстүр бар. Өрмекші, аққу, киік, қарлығаш, бүркіт т.б  халық қасиетті санаған.

Еліміздің көрікті , бай аймақтарын өз қалпында сақтау, саны азайған өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа лау, санын моайту, су құстарымен балық уылдырық шашатын өзен көлдерді қорғау мақсатында мемлекеттік қорықтар құрылды.

Туған жердің табиғаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны аялап қорғауға, оның байлығын еселеп арттыруға үлес қосу – сенің де азаматтық борышың.

Азаматтық борышы әр адамның – туған жердің табиғатын аялау.

Табиғат адамның ежелден бергі тіршілік етіп келе жатқан ортасы және мәңгілік мекен ете беретін алтын  бесігі.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.62 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 128

Похожие материалы