Здесь была ссылка на работу Көктем аруы автора Жалмуханова Гулзия Тулеповна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: «Көктем аруы» қыздар арасында байқау. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу. Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер. Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін! Жүргізуші:8 наурыз аналар мерекесіне арнап 3-4 сынып қыздарының арасында «Көктем аруы» атты сайыс өткізгелі отырмыз. Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз! Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған. «Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. (Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру) Жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.! 1) Алфина қыз өнерлі Бойға өнер жиған қыз. 2) Ақмарал қыз білімді Меңгерген бар ілімді 3) Гүласыл қыз елгезек Алады тез тіліңді.