Көктем. Заттың сынын білдіретін сөздер
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Нуркеева Гулим Куанышевна
|
Сабақтың тақырыбы: Көктем. Заттың сынын білдіретін сездер.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өлеңді түсініп, мәнерлеп окуына, сұрақтарға толық жауап
беруіне мүмкіндік жасау; заттың сынын білдіретін сөздер туралы
түсініктерін кеңейту;
2.Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорларын дамыту;
3.Дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу,
экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі:көктем суреті, сын есім плакаты.
Сабақтың барысы:
I. Бағдарлау-мотивациялық кезеңі.
- Балалар, сендер қоянның басынан өткен жағдайды білгілерің келеді ме? Ондай болса, тыныштықты сақтап мұқият тыңдаңдар. Бірде қоян қалада айналасьшдағылардың әдеміліктеріне тамса-нып келе жатып, адасып қалыпты. Ол жолда кездескен аюдан көмек сұрайды:
- Кешіріңізші, мен судың жағалауындағы үлкен үйде тұрушы едім, адасып қалдым. Маған ол үйге калай баратынымды айтып бере алмайсыз ба? Өтінемін, аю ағай.
-Жарайды, ол үшін сен мына түрған бағдаршамнан өтіп, оңға қарай бұрылуын керек,- дейді аю.
Қоян бағдаршамның қасына келіп, қалай өтемін, - деп ойланып қалды.
- Балалар, біздің крянға көмегіміз керек! Қане, бағдаршамнан өтуді барлығымыз білеміз ғой. Дереу қоянға көмектесейік.
- Қоян қандай түс жанғанда тоқтауы керек?
- Қандай түс жанғанда оған жүруге болады?
- Қандай түс жанғанда ол жүруге дайындалады?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, сендер қоянға көмектестіңдер. Қоян аман-есен бағдаршамнан өтіп,
үйіне жетті.
-Бағдаршамда қандай түстер болады?
-Қызыл, сары, жасыл деген сөздер қай сұраққа жауап береді?
-Балалар, біз заттың сынын білдіретін сөздер тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.
II. Операционалды-орындаушылық кезеңі
Оқулықпен жұмыс. 270-жаттығу:
Кіріспе сөз (Қасым Аманжолов жайында қысқаша мәлімет беру).
Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
Оқушылардың мәнерлеп, түсініп оқуы.
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар:
-Өлең не жайында?
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Бұйра бұлақ еркелеп дегенді қалай түсінесің?
Өлеңнен заттың сынын білдіретін сөздерді тап.
Сөздік жұмысы: Нәзік - бәсең, қүлаққа жағымды
271-жаттығу (жазбаша).
а) Жаңылпашты Мұғалімнің оқуы.
ә) Жаңылтпашты оқушылардың жеке оқуы.
б) Жаңылпаштағы жаңа сөзбен жұмыс. елтірі - сойылған козы-лақтың терісі.
в) Хормен оқуы
г) жаңылпашты жатқа айтуы
ғ) Тапсырмалар
Қаракөл елтірі дегенді қалай түсінесіңдер?
Түсті білдіретін сөздерді тап.
III. Рефлексиялық-бағалау кезеңіі.
Терме диктанты
Төмендегі берілген сөздердің ішінен заттын сынын білдіретін сөздерді теріп жаз.
Алатау, қызыл, дөңгелек, бал, жүйрік, сырға, дәптер, сары, доп, кі-тап, жүқа, қалың, гүлдер.
Қорытынды. Үйге тапсырма беру. 272-жаттығу, «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқу, әңгімелеу..Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 162 B |
Количество скачиваний: | 18 |