Классный час «Тәуелсіз Қазақстан»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»                               Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.              Тәрбие сағатының көрнекілігі:1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.            Тәрбие сағатының барысы:Мұғалім сөзі:        Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.-Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қандай батырларды білесіңдер? Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.      Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.        Міне содан бері    20  жыл!        Осыған орай  «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз.Оқушы 1 :        Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.         Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.         Қазақстан дейтін менің бар елім,         Жатыр алып жарты дүние әлемін!         Бұл даланы анам жаспен суарған,         Бұл далада атам қолға ту алған         Бұл далада өскен жанда жоқ арманОқушы 2:       Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.        Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.       Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.        16 – желтоқсанда қазақ жастары  Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.              Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.          Атыңнан айналайын егемен ел,          Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.          Мерейің құтты болсын Қазақстан!          Ғасырлар тойы болшы келе берер! Мұғалім:        Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген  тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді.  Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.        Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді  қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі.  Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық  келешегі  мен  бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.        Көк аспандай көкпеңбек  Қазақстан жалауы.  Көк емес ол тектен-тек-  Елдің ашық қабығы.  Ақ ниеті – алтын күн,  Асқақ арман-қыраны.  Жалауы бұл-халқымның,  Мәртебесі, мақтаны.Мұғалім:      Қазақстан республикасының  мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ  бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.       Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі.  Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.           Әнұран орындалады   (хор)          Сөзі :  Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев          Әні: Шәмші  Қалдаяқов      Мұғалімнің сөзі:        Балалар, өткенге шолу жасайықшы?   Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  Сол туралы ойымызды ортаға  салсақ.§  1991 жылы 1- желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады. §  16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.           1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан республикасының жоғарғы  сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы»  мемлекет деп жарияланды.§  2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.§  1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.§  1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.§  1992 ,1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.§  1998 жылы  ҚР астанасы  Астана қаласы болып тағайындалды.  Оқушы           Тәуелсіздік  -  тірегім алмас үнді,           Тәтті үміті халқымның   сан  ғасыры           Көк байрақты ,  кемеңгер  кемел   ойлы           Келбетіңнен  көремін   жалғасымды.Қорытынды:  Мұғалім: деп отырып, ашық тәрбие сабағымызды               қорытындылаймыз!         
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.21 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 222

Похожие материалы