«Көңілді старт»
Предмет: | Физкультура |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Урынбасарова Гульзинат Шахмарановна
|
№50 орта мектеп
Эстафеталық ойындар
Тақырыбы: «Көңілді старт»
6 кластар
Өткізген: Дене шынықтыру пәні мұғалімі:
Урынбасарова Г.Ш
2014 – 2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Көңілді старт»
Мақсаты: Оқушылардың дене бітімінің қалыптасуына көңіл бөлу. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Берікова Ділназ :
«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым, мұң тілменен,
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген - деп Ж. Молдағалиев аталарың айтқандай бәрің де егемен еліміздің бақытты ұл-қыздарысыздар. Ата-бабамыз бізге ұлан-ғайыр жерді мұра етіп қалдырған. Осы ата-бабаларымыздан қалған жерді қорғау үшін денесі мығым, батыр да ержүрек ұрпақ керек. Олай болса егемен еліміздің болашағы, қорғаны болатын ұл-қыздарымыздың қатысуымен өтетін «Көңілді старт» атты спорттық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Бұл сайысқа «Жеңіс» және «Жалын» тобы қатысады.
Бүгінгі сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.
Алдымен әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
Әділ-қазылар алқасы:
Мектебіміздің тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Г.Н.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері:Байсеркешов Б, Урынбасарова Г.
Сонымен бірге ойын шарты бойынша ең жоғарғы балл 5 ұпаймен бағаланады.
І. Таныстыру. (Төсбелгімен таныстыру, тобымен таныстыру)
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау)
ІІ. Музыкамен жаттығулар жасау. Флешмоб
ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.
Шарты:Бірінші ойыншы шығып, допты алып жүгіріп келеді, келесі ойыншы сол допты
орнына қою керек.
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау)
Берікова Ділназ:
Келіңдер, көріңдер!
Тек ынта бөліңдер,
Шығам деп сеніңдер,
Оқа емес әуелде.
Қиналсаң егер де,
Оп-оңай жеңімпаз,
Болғандар жоқ елде.
ІV. «Доп беру»
Шарты: Бұл сайысқа екі топ қатысады.Әр қатысушы бір –біріне допты алма кезек беру арқылы мәре сызығына жету керек.
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау)
V.«Су тасымақ»
Шарты: Бұл сайысқа ойыншылар түгел қатысады. Екі топ қатар сапқа тұрады. Әр топ жанында шелекте су бар. Сол шелектен қасықпен су алып, келесі шелекке құяды.Су төгілсе ойын шарты бұзылады. Ойынды келесі ойыншы жалғастырады. Қай топ жеңімпаз екенін әділ-қазылар анықтайды. Ыдыстағы су мөлшерін анықтайды, қай топтың ыдысында су көп болса, сол топқа ұпай саны қосылады.
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау)
VI. «Аяқ арасы арқылы допты жіберу»
Шарты: Ойын бастаушылар сапқа тұру арқылы аяқ арасынан допты жібереді.Жіберілген доп кідірсіз аяғына дейін жетсе, сол ойыншы жеңіске жетеді.
Ән: Кеңесов Елдос
VIІ. «Шеңбер сызығы»
Шарты: Шеңбер сызылған. Сол шеңбердің сызығына ішіне команда мүшелері сиюы шарт. (2 мин ішінде)
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау)
Ән: Аманғос Азамат
Қорытындылау.
Жарысымыз мәреге келіп жетті. Енді жеңімпаздарды анықтап марапаттау.
Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі. Құрметті қонақтар! келгендеріңізге көп – көп рахмет!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 33 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |